м
Туризм • 26 Қыркүйек, 2025
Елімізде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй бой көтереді
Елімізде әлемге танымал қонақ үй желілерінің саны артады. Алдағы жылдары Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақ үй ашу жоспарланған. Жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Әмір Маймұратов әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Спорттық құзға өрмелеуден ел құрамасының өкілі Әмір Маймұратов жаһан біріншілігінің ширек финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
Қарулы күштердің әскери қызметшісі бірегей марафонға бастамашы болды
Астанада бірегей ультрамарафон басталды. Астана аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов небәрі бес күн ішінде 600 шақырым жүгіріп өтуді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында қайтарылған қаражатқа 7 медициналық нысан салынады
Ұлытау облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өңірде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2025
Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу бұрынғы атқарған лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 26 Қыркүйек, 2025
Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталды
Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғанын ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Автокросс үздіктері марапатталды
«Letto Park Көкшетау» автодромында автокростан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысында бүгінге дейін 5 миллион тоннадан астам астық жиналды. Барлық егістік алқабының 70 пайызға жуығы бастырылып, ақық дән құт қамбасына құйылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде теміржолшының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр
Теміржолшы жазатайым оқиға кезінде бір аяғынан айырылып, ауруханада көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу жұмысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Алматыда озық эндоскопиялық оқу орталығы ашылды
Елімізде кіндік Азияның да эндоскопист-дәрігерлері біліктілігін арттыратын орталық ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 25 Қыркүйек, 2025
Оқушылар есірткі таратуға қатысты назарға іліккен
Алматыда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соған қарамастан жыл басынан бері қаланың бір ғана Медеу ауданының өзінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 12 қылмыстық дерек тіркелген. Олардың кейбірі есірткі таратуға қатысты полиция назарына ілігіпті, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Қыркүйек, 2025
Қостанайда «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды
Қостанайда «Еңбек жолы» және «Парыз» республикалық байқауларының өңірлік кезеңінің үздіктері анықталды. «Iqostanay» оқушылар сарайында өткен марапаттау рәсімінде байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Threads-тегі жұма күнгі толқын: халық үні ме, әлде сырттан жазылған сценарий ме?
Жұма күні Threads желісін ҚҚС-ты көтеруге қарсы посттардың ерекше толқыны жайлады. Әдетте ескі тақырып саналатын бұл мәселе дәл сол күні күтпеген жерден резонанс тудырды. Қысқа мерзімді бұл белсенділік көпшілікті таңғалдырды. Бізге де бұл құбылыс қызық болды. Өйткені бірқатар күдікті жағдай байқалды. Олар бұл құбылыстың шынайы еместін және қоғам пікіріне ықпал етуге бағытталған мақсатты манипуляция болуы мүмкін екенін көрсетті. Біз өз талдауымызды жасап, Қазақстандағы белгілі саяси және медиатехнологиялар саласының сарапшыларымен сөйлестік.
Ғылым • 25 Қыркүйек, 2025
АҚШ пен Қазақстан арасында ғылыми байланыс арта түседі
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары барысында ғылым мен жоғары білім саласына серпін беретін бірқатар келіссөздер өтті. Бұл кездесулер елдің ғылыми әлеуетін арттыруға, білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Қыркүйек, 2025
Биомедицина саласындағы халықаралық конференция өтті
«Nazarbayev University»-де «Life Science Today 2025 – Frontiers in Biomedicine: Infer, Innovate, Impact» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ауқымды форум «National Laboratory Astana» зертханасының 10 жылдығы мен Өмір туралы ғылымдар орталығының 15 жылдығына арналды. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект министрлігінің жаңа логотипі таныстырылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзінің логотипін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2025
Әлихан Жамсатов жаңа қызметке тағайындалды
Әлихан Жамсатов Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Ерейментау халқы сапалы ауыз суға зәру
«Amanat» партиясының Ақмола облыстық филиалында жол картасының орындалмай қалу қаупіне байланысты депутаттық фракцияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық спортшыларға стипендия тағайындалды
Бір топ ел спортшыларына 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына жүйелі дайындалуы үшін Халықаралық Олимпиада комитеті жекелей стипендия тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпадалық комитетке сілтеме жасап.
Мәдениет • 25 Қыркүйек, 2025
Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыс беки түсті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Француз Республикасының Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» клубының бапкері дайындық барысымен бөлісті
Алматының «Қайрат» футбол клубы ең үлкен матч — Чемпиондар лигасы аясында мадридтік «Реалмен» кездесуге жан-жақты даярлық жасап жатыр. Қарсыластың атағына қарамастан, алматылық команда өзіне өте сенімді, алдағы ойынға да олар барын салғалы отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
«Merry Christmas»: әлемдегі ең алғашқы хабарлама
Бүгінде адамзат бір мезетте күніне миллиардтаған хабарлама жібереді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алмасатын мәтіндер, банктен келетін код, түрлі қызметтерден түсетін ескертулер барлығы біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Бұл бізге табиғи құбылыс болып көрінгенімен, оның түп-тамырына үңілсек, алғашқы sms-хабарлама отыз жылдан астам уақыт бұрын пайда болған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Қыркүйек, 2025
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық клубтар
Қазақстанның футбол клубтары 2002 жылдан бері UEFA мүшелігіне енген. Мұндай мүшелік футбол ұжымдарына Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдерінде бақ сынау үшін іріктеу турнирлеріне қатысуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қыркүйек, 2025
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады
26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Kazakhstan Growth Forum K25: бизнес пен билік экономикалық өсім көздерін талқылады
Бүгін Алматыда 500-ден астам кәсіпкердің, топ-менеджерлердің және Қазақстанның ірі компанияларының басшыларының басын қосқан Kazakhstan Growth Forum K25 өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанда шығарылған цемент өніміне жалған сәйкестік сертификаты берілген
Түркістан облысында белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімдер импортының тұрақты өсу тенденциясы елеулі алаңдаушылық туғызады. Өңірде тек тамақ өнімдері ғана емес, сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар да бақылауға алынған. Олардың қатарында жиі өрт тудыратын кабельдік өнімдер, электр аспаптары, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысында 5 миллион тонна астық жиналды
Ақмола облысында қазірдің өзінде 5 миллион тонна астық жиналды. Бұл — егін ору жұмыстары әзірге тек 70 пайыз алқапта, яғни үш миллион гектардан астам жерде ғана жүргізілгеніне қарамастан қол жеткізілген көрсеткіш. Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биылғы өнім рекордқа жақын және былтырғы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Маңғыстау туризміне арналған форум басталды
Ақтауда Туризм және спорт министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Mangystau International Tourism Forum басталды. Форумға халықаралық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде ТҮРКСОЙ мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері, инвесторлар және сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2025
Ұлыбританиядағы өнеркәсіп аймағындағы қоймада жарылыс болды
Ұлыбританияның Уилтшир графтығында төтенше жағдай орын алды. Суиндон қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан қоймада күшті жарылыс болып, артынша алапат өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтердің күшейтілген тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.