Оқиға • 07 Қараша, 2025

Алматыдағы автобус апаттары: Жыл басынан бері 600-ден аса адам зардап шеккен

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында қоғамдық көлік қатысқан жол апаттарының саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы автобус апаттары: Жыл басынан бері 600-ден аса адам зардап шеккен

Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте қоғамдық көлік қатысқан 460-тан астам жол апаты тіркелген, соның салдарынан 600-ден астам адам жарақат алған.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер автобус жүргізушілері тарапынан 2 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтаған.

Асхат Құлбаев автопарк басшыларына жүргізушілерге күн сайын нұсқаулық өткізу және автобустардың техникалық жағдайын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін, әсіресе қыс маусымы алдында ерекше назар аудару керектігін айтты.

«Жүргізушінің тәртібі тек қауіпсіздікке ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сеніміне де әсер етеді. Сондықтан автопарк басшылары тарапынан жауапкершілік пен тәртіпті күшейту қажет», деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025