бас
Тағайындау • 22 Сәуір, 2025
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
38 жастағы Ілияс Бағдәулетов жаңа қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған
Жамбыл облысының Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Сәуір, 2025
Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 16 Сәуір, 2025
Орталық Азия форумында қандай бастамалар ұсынылды?
Елордада II Орталық Азия медиафорумы өтіп жатыр. «Орталық Азия медиакеңістігі: өсу мен ынтымақтастықтың жаңа тұстары» атты тақырып көтерген жиында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар ұсынысты атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Сәуір, 2025
Бақытжан Омаров жаңа қызметке тағайындалды
Белгілі журналист Бақытжан Омаров Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2025
Көп балалы аналарға 150 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Қонаевта әлеуметтік осал топтағы отбасыларға баспана берілді
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2025
Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Сәуір, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа басшы тағайындалды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры қызметін Қуаныш Бишімов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 09 Сәуір, 2025
Шымкентте алаяқтар жалған тұрғын үй сертификаттарын таратқан
Аймақта алаяқтар баспана алуға көмектесуге уәде беріп, тұрғын үй сертификаттарын таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 09 Сәуір, 2025
Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 08 Сәуір, 2025
Депутат некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыруды ұсынды
Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Соның бірі – некені бұзу қызметіне салынатын мемлекеттік баж салығын арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Сәуір, 2025
Мемлекет меншігіндегі пайдалы қазбаларды заңсыз пайдаланғандар жазаланды
Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2025
Екібастұз ауылдарында кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартты
Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасы бойынша полиция басқармасы, әкімдік және Екібастұз ауылдық округінің кәсіпкерлері алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Алаяқтық жасаған әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 07 Сәуір, 2025
Екібастұз қаласында ТЖ басшысы кәсіпкерден пара алған
Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы басшысы Д. Куконевті 7 жыл 6 айға, оның орынбасары Ж. Майманов пен кәсіпкер Б. Жұмашевті 7 жылға соттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2025
Атбасарда 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойған: оқиға орнына ТЖМ жетті
Ақмола облысы Атбасар қаласында 97 жастағы қарт әже үйінің ішінде құлап қалып, байланысқа шыға алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2025
Әлеуметтік мұқтаж отбасылар қоныстойларын тойлады
Алматы облысының Балқаш және Іле аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа тұрғын үйлердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жаңа баспананың кілтін алу – кез келген жан үшін үлкен қуаныш екені сөзсіз. Ал, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Үкімет • 04 Сәуір, 2025
Халықаралық спорт ұйымдарының басшылары бас қосты
Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметінен сілтеме жасап.
Президент • 03 Сәуір, 2025
Президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықты пысықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған банк президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуі туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президентімен кездесті
«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Сәуір, 2025
Давид Лория футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория енді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметін атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Сәуір, 2025
Берік Асылов: Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда – шынайылық өзгереді
Бас прокурор Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі бірқатар ауылдардың спиртті ішімдіктерді сатудан өз еркімен бас тартып жатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2025
Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен конференцияға қатысты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен Американдық мемлекеттік басқару қауымдастығының (ASPA) мемлекеттік қызметшілерді тұрақтандыру және жасанды интеллект дәуірінде адами капиталды дамыту тақырыбындағы конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
ҚФФ Бас хатшысы қызметінен кетті
ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымынан кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2025
Су басу қаупін азайту жұмыстары жалғасып жатыр
Өңірлерде мұз қабатын әлсіретуге, өзендердің жағалауын нығайтуға, қарды шығаруға, су соруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тәулік бойы жағдайға мониторинг жүргізеді, су деңгейін бақылайды және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2025
Бас редакторлар клубы мүшелері «ÓzgeEpic» креатив хабының жұмысымен танысты
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері хабты аралап, оның мүмкіндіктері мен ұсынатын қызметтері жайлы мол мағлұмат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты
Өңірде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында былтыр Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамск, Отынағаш, Көктал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартып еді. Биыл алкогольсіз ауылдардың қатарына Ұзынкөл ауданындағы Абай, Оқатқан қосылып отыр, деп жазады Egemen.kz.