Аймақтар • 01 Маусым, 2025

Қордайда 144 отбасы баспаналы болды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында тұратын 144 отбасы баспаналы болды. Салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімі Бегзат Болатбеков жаңа пәтер иелерін қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қордайда 144 отбасы баспаналы болды

Аудан басшысының айтуынша, жергілікті халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жоспарға сәйкес алдағы уақытта да жалғасады. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету назардан тыс қалмақ емес.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі. Бүгін пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер – Мемлекет басшысының әлеуметтік бағыттағы саясатының ауданымызда нақты жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі. Бұл – елдің қамын ойлаған бірліктің, тұрақтылықтың жемісі деп білемін», дейді Б. Болатбеков.

Жаңа тұрғын үйлер Қордай ауылының «Шығыс» шағынауданында орналасқан. Барлық баспана екі бөлмелі, оның ішінде жатын және қонақ бөлмелері, сондай-ақ асхана мен әжетхана қарастырылған.

Жамбыл облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше