е
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Оралда аурухана науқастың өлімі үшін 3 млн-нан астам өтемақы төлейді
Батыс Қазақстан облысында 45 жастағы әйелдің өліміне байланысты сот аурухана қызметкерлерінің кінәсін анықтап, марқұмның анасы мен әпкесінің пайдасына моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Фурманов каналының 52 шақырымы тазартылды
Жамбыл облысындағы Фурманов айналма каналында 40 жылдан кейін механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы канал арқылы Шу өзені суы Түркістан өңіріндегі Созақ ауданына бағытталады. Бүгінде каналдың 52 шақырымы тазартылған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қазан, 2025
Еділ Жаңбыршин: «Кен орнын тапқан инвесторға оны игеру құқығы беріледі»
Елімізде геологиялық барлауға жаңа серпін беретін заң жобасы әзірленіп жатыр. Енді аз зерттелген аумақтарда пайдалы қазба тапқан инвесторға оны әрі қарай барлау және игеру құқығы заң жүзінде беріледі. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бұл қадам бизнестің тәуекелін азайтып, ел экономикасына миллиардтаған доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Мәселенің мәніне тереңдеу үшін, халық қалаулысының Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
Футбол • 08 Қазан, 2025
Қазақстан - Лихтенштейн матчын қайдан көруге болады
Жұма күні, 10 қазанда Астанада 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу матчы өтеді, онда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет • 08 Қазан, 2025
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концерті туралы деректі фильм дайындап жатыр
5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тыңдармандар әншінің өнерін зор ықыласпен қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Егер алаяқ сіздің атыңызға несие рәсімдесе не істеу керек?
Егер алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдеген болса банкпен немесе МҚҰ-мен байланысыңыз. Кредиттің алаяқтық екенін хабарлаңыз. Карталарды, шоттарды немесе қосымшаға қолжетімділікті блоктауды сұраңыз және өтінішіңізді тіркеңіз, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 07 Қазан, 2025
Инвесторлар электр қуаты үшін жоғары тарифпен ақы төлеп келген
Прокурорлар жергілікті монополист компания электр энергиясы үшін инвесторлардан қымбат ақы алып келгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 07 Қазан, 2025
Павлодар қаласында барлық ғимараттар орталық жылумен қамтылды
Жылу маусымы басталғалы тұтынушылардан 150-ден астам өтініштер мен шағымдар келіп түскен. Олардың 99 %-ы қазіргі күні толықтай шешімін тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Қазан, 2025
Көкшетауда ағайынды жігіт таныстарын бопсалап, ақша мен көлік талап еткен
Ақмола облысында үш ер адам – екі ағайынды мен олардың танысы бопсалау және адамды заңсыз бостандығынан айыру қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 07 Қазан, 2025
70 миллион теңге пара алған ҰҚК бұрынғы қызметкері сотталды
Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері мен денсаулық сақтау басқармасының басшыларына қатысты жемқорлық және бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім жарияланды. Іс алқабилер сотында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 07 Қазан, 2025
Павел Дуровтың Көлсайға шомылуына жол берген қызметкерлер жазаланады
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай суына шомылып жатқан бейнежазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Грузияда жеті жүлде жеңіп алды
Грузияның Тбилисінде ММА-дан әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Қазақстанның аралас жекпе-жек шеберлері жеті жүлде олжалады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Қазан, 2025
Түркістан облысында мақташылардың ауқымды фестивалі өтті
Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 07 Қазан, 2025
Арқалық қаласының тұрғыны ота үстелінде жан тапсырды
Арқалық ауруханасында 61 жастағы қала тұрғыны Тасболат Сақыпов ота үстінде жан тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Қазан, 2025
Биыл Алматыда жылу ерте беріледі
Алматыда ауа райының күрт суыиуына байланысты қала әкімінің пәрменімен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап қалада орталық жылыту жүйесіне қосылу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 07 Қазан, 2025
«Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестивалі өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы елорда қонақтары мен тұрғындарын «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестиваліне шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 07 Қазан, 2025
Бангкок пен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады
Алматы қаласының туризм басқармасының хабарлауынша, Thai AirAsia X әуе компаниясы 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Бангкок – Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын іске қоспақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Қазан, 2025
Мамандарға Су кодексі түсіндірілді
Астанада «ҚР-ның жаңа Су кодексі және оны іске асыру жоспарлары» атты оқу семинары басталды, 10 қазанда аяқталады. Негізгі мақсат – су саласы мамандарына жаңа су заңнамасын және оны іске асыру тетіктерін түсіндіру. Семинарды Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Абай облысындағы Бірлік ауылы ішімдіктен бас тартты
Енді Абай облысы Бесқарағай ауданы Бірлік ауылындағы дүкендерде алкогольді ішімдіктер мүлде сатылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Қазан, 2025
Нобель сыйлығы физика саласында квант құпияларын ашқан ғалымдарға табысталды
2025 жылғы Нобель сыйлығы физика саласында кванттық физикаға тың серпін берген үш ғалымға бұйырды. Лауреаттар қатарында Ұлыбританиялық Джон Кларк, француз зерттеушісі Мишель Деворе және америкалық Джон Мартинис бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Габала декларациясына қол қойылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 07 Қазан, 2025
«Аға сарбаздар» институтының тиімділігі неде
ІІМ Ұлттық ұланында тәрбие жұмысын жетілдіру және қызмет өткеру жағдайын жақсарту мақсатында 5573 әскери бөлімде «аға сарбаздар» институты енгізіліп жатыр. Бұл бастама мерзімді қызмет әскери қызметшілері арасындағы тәлімгерлік жүйесін дамытуға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 07 Қазан, 2025
Дастан Сәтпаев ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды
«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына не себепті қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Каспий теңізінің ахуалын жақсартуға баса мән беруіміз керек - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөйлеген сөзінде қазіргі жағдайда энергетика мәселесіне де баса мән беру керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қазан, 2025
Түркі мемлекеттері арасында мәдени-гуманитарлық байланыс нығайып келеді
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Ұйымға мүше елдер арасында мәдени-гуманитарлық байланыс та нығайып келе жатқанын тілге тиек етті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан цифрландыру ісіне, соның ішінде жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беретінін мәлімдеп, толық цифрлық ел болуды стратегиялық мақсат ретінде айқындағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Өзбекстан Қатарға қарсы матчта тәртіп бұзғаны үшін 340 мың доллар төлейді
Азия футбол конфедерациясының (АФК) тәртіптік комитеті Өзбекстан футбол қауымдастығына бірнеше ереже бұзушылық үшін 340 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл тағайындады. Жаза 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне байланысты 10 маусым күні Ташкентте өткен Өзбекстан-Қатар ойынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қазан, 2025
Түркі әлемінің даму бағдарын толық іске асыруға баса мән беруіміз қажет-Президент
Бұл туралы Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіндегі сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қазан, 2025
Қ. Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитінде сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.