Аймақтар • 07 Қазан, 2025

Абай облысындағы Бірлік ауылы ішімдіктен бас тартты

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Абай облысы Бесқарағай ауданы Бірлік ауылындағы дүкендерде алкогольді ішімдіктер мүлде сатылмайды, деп жазады Egemen.kz

Абай облысындағы Бірлік ауылы ішімдіктен бас тартты

Фото: polisia.kz

Ауылдағы 350 тұрғынның барлығы дерлік ішімдік тұтынудан бас тартқан. Ауылдағы маңызды шешім жергілікті әкімдік, учаскелік полиция инспекторы, ақсақалдар кеңесі, белсенді жастар мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиында қабылданған.

«Біз келешек ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырғымыз келеді. Ішімдіктен бас тарту – ерлік емес, бұл – саналы таңдау. Бірлік ауылы дәл осы жолды таңдап, өзгелерге үлгі болып отыр», деді ауылдың учаскелік инспекторы Думан Еркінбеков.



 

Соңғы жаңалықтар