жамбыл
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Президент фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 19 Желтоқсан, 2025
Жаңа мектеп пайдалануға берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Таразда 600 орындық жаңа білім ұясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында шекарадан 30 келі есірткі өткізбек болған шетелдік ұсталды
Жамбыл облысындағы «Айша бибі» өткізу бекетінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткінің ірі партиясын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. Шекарашылар көліктің жасырын бөлігінен жалпы салмағы 30 келіден асатын түрлі заттар тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 17 Желтоқсан, 2025
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 22 жасар ер азаматты ұстады. Ол Тараз қаласында есірткі заттарын жасырын жерге қою кезінде құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025
«Ақылды қала»: Жамбыл облысында цифрландыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Тәуелсіздік жылдары елімізді дамытудың жаңа бағыттарына, соның ішінде цифрландыру саласына жүйелі түрде бет бұруға итермеледі. Сол бағыттағы жұмыстардың бірі – «Ақылды қала» жобаларын іске асыру, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысындағы ірі химиялық кешеннің экономика үшін маңызы қандай?
Аталған өңірдің Сарысу ауданында ұлттық маңызы бар стратегиялық жобаның құрылысына дайындық кезеңі жүргізіліп жатыр. Бұл минералдық тыңайтқыштарды өндіретін Қазақстандағы ірі химиялық кешен болмақ. Қуаты жылына 1 миллион тонна өнім өндіруді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер: Жамбыл өңірін сумен қамтуға 15 млрд теңге бөлінді
Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірде сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 10 Желтоқсан, 2025
Қаламгер шығармашылығына құрмет көрсетілді
Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйытқы болуымен жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанның 80 жылдығына орай «Текті сөздің төресі» атты жазушыға 100 сұрақ форматында әдеби іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 09 Желтоқсан, 2025
Марихуана жинаған тұрғын ұсталды
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 шақырым қашықтықта Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинап жүрген жерінен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 30 жыл тазаланбаған су арналары ретке келтіріліп жатыр
«Қазсушар» РМК-ның өңірдегі филиалы онға жуық жер арығын механикалық әдіспен тазартып жатыр. Жұмысқа Су ресурстары және ирригация министрлігі ұсынған жаңа арнайы техника тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 07 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 19 ауылдың ауыз су мәселесі шешілді
Жамбыл облысында 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Президент тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында жалпы сомасы 13,9 млрд қаражат бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Бала өлімінен кейін бас дәрігер қызметінен қуылды
Жамбыл облысына қарасты Т.Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасында қазан айында болған 6 жасар баланың өлімінен кейін облыс әкімдігі арнайы жұмыс тобын құрып, жоспардан тыс тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Тексеріс жүріп жатыр: Жамбыл облысының әкімі перзентханадағы дауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында аймақтағы ана мен бала өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 28 Қараша, 2025
«Киімде – шежіре, сәнде – тарих»
Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйытқы болуымен қазақтың ұлттық киімін насихаттау мақсатында «Киімде – шежіре, сәнде – тарих» атты этносағат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 26 Қараша, 2025
Жамбыл облысында бу-газ электр стансасы салынып жатыр
Жамбыл облысында жалпы қуаты 50 мвт құрайтын бу-газ электр стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Қорғаныс министрі жас сарбаздармен кездесті
Луговой гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 03811 әскери бөліміне барып, тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Жамбыл өңірінде құс етін өңдейтін ірі зауыт іске қосылды
Ірі жобаға «Алель Агро» акционерлік қоғамы 19,8 млрд теңге инвестиция құйған. Инвестициялық жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өңдеуді тереңдету және қайта өңделген өнім үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Мүмкіндігі шектеулі, қарымы шексіз мамандар
Әлемді көзбен көрмесе де жүрекпен сезетін әр оқырманның өзіндік тарихы мен тағдыры бар. Қанша сынақ көрсе де, өмірден сынбай, он екі мүшесі сау азаматтарға мотивация беретін оқырмандарымыздың біз үшін орны бөлек.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
«Таланттар фабрикасы» саналатын Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
8 жастағы қызды ұрып-соққан: Жамбыл облысында буллинг пен бопсалау азаймай тұр
Жамбыл облысында балалардың құқықтарының бұзылуына, зорлық-зомбылыққа, буллингке, суицидке және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарға жол бермеу бойынша жан-жақты зерттеу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Таразда хабарландыру арқылы қолайлы «жұмыс» тауып, бір-ақ күн істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Компрессорлық станса іске қосылды
Таразда автогаз толтыратын компрессорлық станса іске қосылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты, деп хабарлады Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданына қарасты Қақпатас ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 18 Қараша, 2025
7 гектар жер алды: Қытайлық компания Жамбыл облысында ерекше жобаны бастады
Аталған облыстың Жамбыл ауданына қарасты Әулиекөл ауылында қуаты 50 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясының (БГЭС) құрылысын бастауға арналған капсула салу салтанатты рәсімі «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» атты республикалық баспасөз туры аясында өтіп, оған облыс әкімі Ербол Қарашүкеев, инвесторлар өкілдері, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілі Жандос Рүстембаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
«Пойыз жүріп келе жатқан»: Вагондардың біріне автомобиль соғылған
Оқыс оқиға – Жамбыл облысы аумағындағы Меркі ауданының Тәтті станциясында (Шу-Тараз учаскесі) 14 қарашада түнгі уақытта болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Сарыкемер ауылында 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қараша, 2025
Талас ауданына қарасты Бостандық ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғасы 27 пайызға артқан
Тоғыз айдың қорытындысына зер салсақ, өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылғанына қарамастан, жол көлік оқиғасының саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Қараша, 2025
Жамбылдық тәртіп сақшылары 91 мәрте жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.