qazVac
Президент • 23 Сәуір, 2021
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Мемлекет басшысы QazVac вакцинасын әзірлеген ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясының жөнелтілуіне қатысты және Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский кентіндегі биофармацевтика зауытының салыну барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Сәуір, 2021
QAZVAC – отандық ғалымдардың ерен еңбегі
Дүниені дүрліктірген пандемия жайлағалы ғылымның жаңа дәуірі басталғандай. Және бүкіл адамзат ғалымдардың вирусқа қатысты жаңалығына, еңбегіне, зерттеулерінің нәтижесіне иек артып отыр. Қауіпті инфекцияның таралуын тоқтатуға ғылымның ғана қауқары жетеді. Соның ішінде биология ғылымның ең үлкен жетістігі – вакцина. Бұл ретте отандық ғалымдардың еңбегі ерен. Себебі әлемнің ешбір елінде жалғыз институт COVID-19-ға қарсы 5 бірдей вакцина түрін әзірлеп жатқан жоқ.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2021
QazVac вакцинасы вирустың мутацияланған штамдарына да төтеп бере алады
Қазақстандық инактивтендірілген вакцина толығымен вирионнан жасалған. Онда вирустың ішіндегі ақуыздардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, QazVac (QazCovid-In) вакцинасы вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.