Президент • 23 Сәуір, 2021

Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы QazVac вакцинасын әзірлеген ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!» деп жазды Президент.

Еске сала кетейік, кеше Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді.