Саясат • Бүгін, 10:41

Павлодарда ірі өнеркәсіп паркі салынады

1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов сингапурлық «XINFA GROUP» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Павлодар облысында салынатын өнеркәсіп паркіне дайындық барысын талқылады.

Павлодарда ірі өнеркәсіп паркі салынады

Бүгінде елімізде Президенттің тапсырмасы аясында экономиканы әртараптандыруға әрі өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бағытталған инвестициялық саясат жүріп жатыр. Кездесу барысында жобаның ағымдағы жағдайына назар аударылды.

Чжао Тинъюн қазір жер учаскесі айқындалып, компания парк құрылысын жүзеге асыруға жобалау институтын тартқанын атап өтті.

Премьер-министр мем­лекеттік орган­дарға жалпы инвестиция көлемі 15 млрд доллар болатын ірі инвестициялық жобаны іске қосуға жәрдем көрсетуді тапсырды. Жоба өңір мен тұтастай алғанда елдің дамуына мульти­пликативтік әсер етеді.

Толық циклді өнеркәсіп паркін құру туралы тұжырым­дамада бокситтерді терең өңдеу жолымен алюминийге айнал­дыратын жоғары инте­грацияланған өндіріс құру қарастырылған. Алюми­ний тотығын өндіретін кәсіпорын­дардың қуатын жылына 4,8 млн тонна, электролиттік алюминийді 2,4 млн тонна деңгейінде ұстап тұру жоспарланып отыр. Терең өңдеу көлемі жыл сайын 1,2 млн тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру 10 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндірістік нысандардың құрылысы биыл басталады. 1-кезекті іске қосу 2028 жылы, жобалық қуатқа шығу 2029 жылы жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

Саясат • Бүгін, 10:43