Саясат • Бүгін, 10:43

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

1 мин
оқу үшін

2026 жылдың 31 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Саяси бюро мүшесі, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси-құқықтық комиссиясының Хатшысы Чэнь Вэньциннің төрағалығымен қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан-Қытай консультациялары өтті.

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

Құқық қорғау және арнайы орган басшыларының қатысуымен өткен жиын барысында бірқатар өзекті мәселе қаралды. Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің түрлі аспектілері, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматын қоса алғанда, халықаралық, сондай-ақ өңірлік құрылымдар шеңберіндегі үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Трансшекаралық қылмыспен күрес, халықаралық лаңкестік және экстремизмге, сепаратизмге қарсы іс-қимыл салаларында бірлесе күш жұмылдыру қажеттігі айтылды.

Ғизат Нұрдәулетов пен Чэнь Вэньцин қазіргі қыр көрсетулер мен қатерлерге қарсы тұру, сауда-экономикалық ынтымақ­тастықты ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қауіпсіздік саласындағы диалогті жүйелі негізде дамыту, соның ішінде екі елдің күштік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызы туралы пікірлесті.

Соңғы жаңалықтар

Сын-қатерлерді еңсеру кезеңі

Саясат • Бүгін, 10:43