Іс
Қылмыс • 25 Қараша, 2023
Қажылық туризм: Фирма басшысы ұсталды
ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, нәтижесінде «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.
Экономика • 24 Қараша, 2023
Экономикалық форумда 1 трлн 55 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды
Түркістанда бизнес және туризм өкілдерінің қатысуымен TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форум алдында қатысушыларға Түркістан өңірін танытатын көркемсурет галереясы мен презентациялар, халықаралық бизнес пен инвестициялық жобалар жәрмеңкесі ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қараша, 2023
«Маған ешқандай боксшының шамасы жетпейді». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
20 жасында әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста да өз биігіне шығуды көздейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Үздік жастарға «Көшбасшы-2023» сыйлығы беріледі
Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі қараша айының 20-сынан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қараша, 2023
Сенімге селкеу түскен жоқ. Магомед Адиев үмітті ақтады ма?
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы соңғы матчта жеңіліс тапты. Сырт алаңда Словения құрамасына қарсы ойнаған футболшылар 2:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Қазақстанда басшылық лауазымда қанша әйел бар?
Соңғы онжылдықта елде әйелдердің жаңа буыны қалыптасты. Олар қаржылық және психологиялық тұрғыда тәуелсіз болып, сонымен бірге, отбасын құруды, мансап қуып, рухани және шығармашылық дамуды жөн көреді. Жыл сайын қаржылық және әлеуметтік қолдау шаралары арқылы әйелдер кәсіпкерлігін ынталандыру мен қолдау артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2023
Спортшыларымыздың өткен аптадағы жарқын жеңістері
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі өткен аптадағы Қазақстан спортшыларының жалпы жетістіктері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 17 Қараша, 2023
Кенесары ханға Марал ишан тарту еткен Құран кітап Ясауи кесенесіне қойылды
Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін кітапты кесенеге тапсыру шарасы өтіп, оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2023
Үндістан консулдығы Diwali мерекесін атап өтті
Алматыдағы Үндістан консулдығында Diwali мерекесіне орай консул Swapnil Kothawade медиакоммуникация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2023
Сырт алаңдағы жеңіс: Жастар қандай қателікке ұрынды?
Футболдан еліміздің жастар құрамасы (U21) Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Қараша, 2023
Мажарстан профессоры энергетиканы интеграциялау бойынша дәріс өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Globalia» компаниясының бас директоры, Мажарстан профессоры Габор Шаги «Қазақстанның энергия тізбегіне жаңартылатын энергетиканы интеграциялау мүмкіндіктері» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Оқиға • 15 Қараша, 2023
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы тексеріс басталды
Тексерістің басталуына «Көшпенділер» киножобасы аясында салынған «Түркістан» бекінісінің 44 есе төмен бағада сатылуы түрткі болған. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қараша, 2023
Денсаулыққа зиян өндірісте жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлем жасалады
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Су мәселесінде Қырғызстанмен келісім жасалды
Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Бішкекте өткен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіссөз жүргізді. Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Қараша, 2023
Жетісу облысында ірі жел электр станциясы салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен кеңес өтті. Кездесуде тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Заңға сәйкес көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан спортшыларының өткен аптадағы жалпы жетістіктерін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қараша, 2023
Азия чемпионаты: Қазақстан спортшылары көш бастады
Алматыда каратэден І Азия ашық чемпионаты мәрсіне жетті. Еліміздің спортшылары 8 алтын, 8 күміс, 14 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте топ бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
Қостанайда көлік зауытының құрылысы басталды
Қостанайда «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Құрылыс алаңының ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен KIA зауытың бас директоры Ким Деки қатысты.
Спорт • 11 Қараша, 2023
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы кезекті айқасында қарсыласын сұлатып түсірді
Кәсіпқой бокста осы күнге дейін 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен жерлесіміз Сұлтан Зауырбек кезекті айқасында да қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 10 Қараша, 2023
Бір заңды бірнеше рет өзгерту мемлекеттік шешімдердің сапасын көрсетеді – М.Әшімбаев
Үкімет сағатында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың жаңа парадигмасы қажет екенін айтып, мемлекет қабылдаған шешімдердің, құжаттар мен бағдарламалардың сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қараша, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан самбошылары қандай жетістіктерге жетті?
Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі самбошылардың жетістіктері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар құжатқа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерден кейін бірнеше құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының айтуынша, Ресей Президентінің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту перспективасын айқындау тұрғысынан ерекше мәнге ие. Бүгінде стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы екіжақты ынтымақтастық барлық бағытта табысты дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 09 Қараша, 2023
Қазақстан елшісі Кореяның жоғарғы дипломатиялық орденімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы бұрынғы елшісі Бақыт Дүйсенбаевты Корея Республикасы Президентінің I дәрежелі «Дипломатиялық еңбегі үшін» орденімен (Кванхва ордені) марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Түркістандағы жаңа саябаққа Димаш Құдайберген жолдаған ағаш отырғызылды
Елімізде алғаш рет «Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды. Басты ерекшелігі – 30 жерде QR код орналастырылған. Азаматтар аталған кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қаржылық пирамида ретінде танылған ұйымдардың толық тізімін көре алады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қараша, 2023
Түркістан облысында 4 аудан әкімі сайланды
Түркістан облысы бойынша Созақ, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті. Осы орайда облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Жеңіс Мақұлбаев 5 қарашада пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімін сайлаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Қараша, 2023
Ресей Президенті ресми сапармен келмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Су мәселесін шешуге арналған екі басқарма құрылады
Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңадан құрылатын екі басқарма көрші елдермен су мәселесін шешеді. Бұл туралы осы салаға жауапты министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды
Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.