Әлем • 06 Қазан, 2025

Непал мен Үндістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ондаған адам қаза тапты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гималай тауларына жауған нөсер жаңбыр өзендердің арнасынан тасуына себеп болған. Құтқарушыларға шалғай ауылдарға жету үшін жаяу жүруге, сондай-ақ тікұшақтар мен моторлы қайықтарды пайдалануға тура келген, деп хабарлайды Egemen.kz DW-ге сілтеме жасап.

Непал мен Үндістанда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ондаған адам қаза тапты

Фото: x.com/iamavim

Непал мен Үндістанда болған табиғи апаттар 60-тан астам адамның өмірін қиған. Непалдың Төтенше жағдайлармен күрес ұлттық басқармасының өкілі Шанти Махаттың айтуынша, 5 қазан күніне қарай елде кемінде 43 адамның қазасы тіркелген.

Шығыстағы Илам ауданында 37 адам қаза тапқан, тағы бесеуі із-түзсіз жоғалған. Reuters дерегіне сүйенсек, Непалда құрбандар саны кемінде 47-ге жеткен, көшкіндер бірнеше ауылды түгелдей шайып кеткен.

Үндістанның Батыс Бенгалия штатындағы Даржилинг аймағында да нөсер жауыннан көшкіндер жүріп, үйлер мен инфрақұрылым зақымданған. Бұл жерде 20-дан астам адам қаза болған.

Естеріңізге сала кетейік, қатты жауын 3 қазанда басталып, екі күн өткен соң ғана құтқарушылар тау бөктеріндегі шалғай елді мекендерге жете алған. Көшкіндер жолдарды жауып, әуе қатынасының уақытша тоқтауына себеп болды. Непал астанасы Катмандуда да өзендер арнасынан асып, қалаға қауіп төндірді.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25