Ли
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
12 облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
11 желтоқсан сағат 18:30-дағы ахуалға сәйкес ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбей қалуына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістері зерттелді
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы, Жетісу әкімдіктері басшылығынан құралған делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Аустралия – жаһанда қой еті экспортынан – бірінші орында, ал сиыр еті экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстан мамандары аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Паралимпиадалық боччадан жарыс жеңімпаздары марапатталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев боччадан ел Кубогі сарапқа салынған жарыстың жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2023
Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз жоғалып кетті
«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан үш тәрбиеленуші сырт киімсіз кетіп қалған. Тәрбиешінің көмекшісі 8 желтоқсанда сағат 23:00 мұғдарында полицияны құлағдар еткен. Полиция тобы және еріктілер оларды әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Қазақстан мен Италия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақ көшпенділерінің ХIX-XX ғасырларда пайдаланған зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері, тұрмыстық заттары мен музыкалық аспаптары, жалпы қазақ елінің тарихы мен бүгіні Италияда үлкен резонанс тудырды. Неапольдағы Castel Nuovo сарайында Алматы тарихы музейі «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» халықаралық көрмесін ұйымдастырды. Оны 10 мыңнан астам қала жұрты мен турист келіп тамашалаған. Енді қабылдаушы тарап осындай көрмені Италияның басқа қалаларында да өткізуді сұрап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдері қазақ халқының мәдениеті мен музей қорының бай коллекциясы көрмеге келушілерді таң қалдырғанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 08 Желтоқсан, 2023
Азия ойындарына қатысқан боксшы допинг дауына ілікті
Биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында өнер көрсеткен отандық боксшы Ертуған Зейнуллинге қола медаль берілуі мүмкін. Өйткені ширек финалда Ертуған Зейнуллинді жеңіп кеткен монғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийн допинг дауына ілікті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2023
Қазақстанның екі төрешісі Париж Олимпиадасында қазылық етеді
Қазақстан төрешілері Тимур Әмірбеков пен Алуа Бектұрова Париж Олимпидасына шақырту алды. Бұл туралы Zakon.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2023
Полицейлер аула сыпырушыға тосын сый жасады
Павлодар облысының полицейлері жылдар бойы департаменттің ауласын сыпырумен айналысқан жұмысшының туған күніне орай тосын сый жасады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023
Ауыр дерттен айыққан қазақ қызының кітабы 7 тілге аударылды
Қаламды серік еткен қауым қайсыбір шығармаларының шығу тегі – тағдыры екенін жиі айтып жүреді. Асылында да, шығарманың шығуына – автордың тағдыры мен түйгені түрткі болып жатады. Бүгін біз 10 жасында төтеннен тәніне дерт жабысса да, рухы сынбаған жас жазушымен сыр-сұхбат ұсынбақпыз. 10 жыл бойы нәзік әлемін «алпауыт ауруға» жеңдірмеген Жамилия Бахтиярқызы сын шақтағы жан сырын «Бәйшешек» туындысына арқау етеді. Автор 20 жасында екі кітап жазып шығады. Екіншісі, «Қарлығаш. Махаббат ескерткіші» деп аталады. Оның шығармалары талай жанның қайта аяқтан тұруына сеп болған «мотивация майданының сарбаздары». Жамилия Бахтиярқызының туындылары әлемнің 7 тіліне аударылған.
Кино • 04 Желтоқсан, 2023
«Один дома» фильмінің актерлері 30 жылда қалай өзгерді?
Жаңа жыл қарсаңында көгілдір экраннан жиі көрсетілетін «Үйде жалғыз қалғанда» (Один дома) фильмінде басты рөлді сомдаған кішкентай Кевин - Маколей Калкиннің Голливудтағы даңқ аллеясында аты-жөні жазылған жұлдызы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Тек әйелдерге арналған полиция учаскелері пайда болады
Қазақстанның барлық қалаларында әйелдер полициясының бөлімшелері ашылады. Бұл туралы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы халықаралық конференциясында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
«Дәрігерлер тексермей антибиотик салған». Қарағандыда ер адам қайтыс болды
Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан қайтыс болды. Науқастың қаза болу себебі, дәрігерлердің алдын ала оның ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салғаны. 8 қарашада ауруханада болған қайғылы оқиғаны жергілікті облыстық клиникалық аурухана хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2023
«Ливерпуль» Мбаппені сатып алудан бас тартты
«Ливерпуль» футбол клубының басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппені сатып алу туралы келісімшарттан бас тартты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2023
Түркістан облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды
Жергілікті полиция Түркістан облысында ойнап жүріп жоғалып кеткен баланың мәйіті септиктен табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2023
2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді
БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2023
Климаттың өзгеруі дамушы елдерге зор қауіп төндіріп тұр - Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Екібастұзда жаңа зауыт салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 01 Желтоқсан, 2023
Атырау облысындағы газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қараша, 2023
Хостелдегі өрт: Қаза болғандардың отбасына 1 млн теңге беріледі
Алматы әкімдігі қаза болғандардың мәйітін тасымалдауға көмектесіп, олардың отбасына 1 млн теңгеден ақшалай жәрдем берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2023
Алматыдағы қайғылы жағдай қабырғамызды қайыстырды - Премьер-министр
Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2023
Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өзгермеген
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы күшінде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2023
«Өте нашар көрсеткіш». Министр қазақ спортшыларын сынға алды
Қазақстан спортшылары келесі жылы болатын Париж Олимпидасына бар жоғы 17 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қараша, 2023
Ақтөбелік оқушы екі күннен бері хабар-ошарсыз жоғалды
Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған орта мектептің 8-сынып оқушысын іздестіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Олимпиадалық салмаққа ауысқым келмейді – әлем чемпионы
Ол – әлем чемпионы, әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы. Қазақстан чемпионатында 5 рет жеңіске жетті. Азия чемпионатының алтын медалін де иеленді. Ол ұлттық құрама сапында 15 жылдан бері айқасқа қатысып келеді. Теміртас Жүсіпов 36 жасында Қазақстанның жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Даңқты боксшыдан келешектегі жоспарын сұрап, аз-кем тілдестік.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Елімізде алимент төлемеген 6 мың борышкер жауапқа тартылды
Алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2023
«Ішінде сегіз адам болған»: Шымкентте лифт құлап кетті
Лифт кабинасында сегіз ер адам болған. Олар мінген кезде лифт айналасы 1-2 секундта 7 қабат (9-2 қабатқа дейін) төмен құлдилаған. Одан кейін лифт ішін шаң мен топырақ басып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2023
Әлемдегі ең үлкен айсберг 37 жылдан кейін орнынан қозғалды
Шамамен 4000 шаршы шақырым аумақты алып жатқан алып мұз қозғала бастады. A23a айсбергі континенттен 37 жыл бұрын бөлінген, бірақ ұзақ жылдардан бері қозғалыссыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews арнасына сілтеме жасап.
Әлем • 24 Қараша, 2023
Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Әзербайжан Президенті СПЕКА саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қараша, 2023
9 миллион теңгесі бар сөмкені қолына іле кеткен жолаушы ұсталды
Астана полицейлері көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады. Жеке такси жүргізушісі Нұра аудандық полиция басқармасына жүгініп, ішіне аталған сомадағы теңге салынған сөмкенің жоғалғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қараша, 2023
Ата-анасы білмеген: мектеп әкімшілігі оқушыға түсік жасатқан
Оқиға Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында орналасқан мектеп-интернатта болған. Мектеп әкімшілігі 13 жастағы қызды Қаратау қаласына апарып, түсікті жеке гинекологқа жасатқан. Соңыра бұл оқиғадан ата-анасы хабарсыз болғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.