қар
Қазақстан • 02 Сәуір, 2024
Пышақ жарақатын алған құтқарушының жағдайы белгілі болды
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Батыс Қазақстан облысында пышақ жарақатын алған құтқарушының жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
Астанадағы 9 қабатты үйден өрт шықты: 8 адам құтқарылды
Астаналық өрт сөндірушілер жеті ересек адам мен бір баланы қызыл жалын құрсауынан құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Павлодар облысындағы Жалаулы ауылында төтенше жағдай жарияланды
Жалаулы ауылында 14 үйді су басқан. Мамандардың айтуынша, облыс бойынша қарғын су біртіндеп солтүстік бөлікке қарай жылжып барады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Сәуір, 2024
Мемлекеттік басқару академиясы жаңа оқу жылына қабылдауды бастады
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Академия ректоры Ерлан Әбіл 2024-2025 оқу жылына қабылдау науқанының басталуы туралы өткен брифингте хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Ұлытаудағы «Атасу - Қаражал» жолын да су басты
Ұлытау облысындағы жалпы жағдайға қарағанда су тасқыны саябырсып, бәсеңдеген секілді. Бірақ бұл қауіп сейілді дегенді білдірмейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Су басқан аймақтардан 1400-ден астам адам көшуден бас тартқан
Қостанай облысында табиғи апатпен күрес жалғасып жатыр. Оңтүстік облыстардағы су тасқыны кезінде 1012 адам, оның ішінде 300 бала және 487 адам әуе маршымен құтқарылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Жангелдин ауданын Арқалықпен байланыстыратын жалғыз жолды су басып қалды
Жангелдин ауданын Қостанай, Арқалықпен байланыстыратын жалғыз жолды тасқын су басып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2024
Қара бетперде киген жігіт жалғызбасты анаға пәтер сыйлады
14 жылдан бері еден жуатын, жалдамалы баспанада тұратын 3 балалы жалғызбасты ана күтпеген қуанышқа кенелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облысында құтқарушыны пышақтап кеткен
Оқиға кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданы Жалпақтал ауылы маңында болған. Құтқарушы аудандық ауруханаға кеуде тұсына екі пышақ жарақатымен жеткізілген, ол дәрігерлердің бақылауында, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2024
Қарағанды облысының тұрғындары жеке пойызбен эвакуацияланады
ҚТЖ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау үшін жеке пойыз бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2024
Ақсу-Аюлы тасжолында жүк көліктері жолдан шығып кетіп, аударылып қалды
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Қазавтожол» АҚ түстен кейін Ақсу-Аюлы тас жолын уақытша ашып, сол аумақтан 270 жүк көлігі колониясын шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Қоғалы елді мекенін су басу қаупі бар
Еріген қар суы ағынынан Қобда өзенінің деңгейі көтерілді. Су жасанды бөгет арқылы ағып, Қоғалы елді мекенін су басу қаупі туындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды
Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды. Бұл ретте әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Павлодар облысында үш әкім қатаң сөгіс алды
Павлодарда өткен Төтенше жағдайлар комитетінің отырысында Ақсу қаласының әкімі, Павлодар ауданы мен Тереңкөл ауданының басшылары қатаң сөгіс арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Наурыз, 2024
Ақтөбенің қақ ортасын су басты
Бүгін Ақтөбе қаласының қақ ортасын су басты. Сазды өзенімен жалғасқан, қаланың қақ ортасынан өтетін Кіші Сазды өзені арнасынан асып, су 11 және 12-ші ықшамауданның көшелеріне жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Қазақстанда қандай жолдармен жүру қауіпті?
«ҚазАвтоЖол» АҚ төрт облыстағы республикалық маңызы бар бес жолда еріген қар суы тас жолдан асып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Жағдай әлі де күрделі: Қостанай облысында 390 адам құтқарылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар еріп, елді мекендерді су басып жатыр. Қостанай облысында жағдай әлі де күрделі. Осы орайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуов өңірде қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Екідің елді мекенінде 12 адам құтқарылды
Бүгін Қостанай облысы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 азамат құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 28 Наурыз, 2024
Қазақстанда жаңа исламдық депозиттердің әлеуетті көлемі 2,8 трлн теңгеге бағаланды
Қазақстандағы жаңа ислам депозиттерінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Мұндай деректер Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамыту нарығы бойынша есептің тұсаукесері шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО, Орталық) алаңында айтылған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Қарағанды облысының жаңа полиция басшысы тағайындалды
Нығмет Исмағұлов Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 390 адам құтқарылды
Қостанай облысының қызыл су басып жатқан аудандарында 390 адам құтқарылды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Арқалықтың маңайындағы елді мекендерден 307 тұрғын, Амангелі ауданынан 37, Жангелдин ауданынан 46 адам құтқарылған, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 12 адам Ми-8 тікұшағымен құтқарылды
Төтенше жағдай министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен Қостанай облысындағы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адамды құтқарды.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Жол болмаса, қандай серпін, қандай даму болады?
«Ауыл» фракциясы депутаттары атынан Қарақат Әбден жолдардың сапасыздығына назар аударып, Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2024
Société Générale банкі өкілдерімен қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан халықаралық бокс бәсекесінде 4 боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері тасқынға қарсы күресте жүр
Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың бел ортасында Орал шаһарында орналасқан 5517 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы да жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
Тасжолды жауып тастаған: Қояндыда қандай шу шықты?
Астана іргесінде орналасқан Қоянды ауылында қар суы еріп, бірнеше ауланы су басқан. Жүріп-тұру қиындаған ауыл тұрғындары аймақта Төтенше жағдай жариялауды талап етіп, 26 наурыз күні, кешке күре жолды жауып тастады, деп жазады Egemen.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр
Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті. Ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында байқалды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.