м
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Елімізде асфальтбетон қоспаларына қойылатын талаптар жаңартылады
Қазақстанда 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап автожол және әуежай инфрақұрылымында пайдаланылатын асфальтобетон қоспаларының сапасына қойылатын жаңартылған талаптар күшіне енеді. Өзгерістер ҚР СТ 1225-2019 «Жол, әуежай асфальтбетон қоспалары және асфальтбетон. Техникалық шарттар» ұлттық стандартына енгізілді. Бұл қадам жол жамылғысының сенімділігін арттыруға және оны пайдалану кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 30 Маусым, 2025
Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан Астанада Әлем кубогі кезеңі бүгін яғни 30 маусымда басталды. Күндізгі сессияның басталуы – сағат 14:00, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Маусым, 2025
Маңғыстауда 567 нысан мүгедектігі бар адамдарға бейімделді
Маңғыстау облысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда өңірде 567 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толықтай бейімделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Маусым, 2025
«Қазсушар» жұмысшыларды тұрақты жұмыспен қамтып жатыр
Жыл басталғалы «Қазсушардың» 279 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылса, жуырда тағы 146 адамды тұрақты жұмысқа қабылдау көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 30 Маусым, 2025
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 29 Маусым, 2025
Вьетнам радиосында Димаш Құдайбергеннің әні шырқалады
Вьетнамның «Вьетнам үні» радиосының эфирінен қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арнаған «Idols Talk: Deep» бағдарламасы эфирге шығады, деп хабарлайды «Egemen.kz». Сондай-ақ, эфирде әншінің Вьетнамдағы фан-клубының жұмысы туралы да мәліметтер айтылады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Маусым, 2025
Tomorrow School: Болашаққа жол ашқан мектеп
Қазір жасанды интеллектінің кернеуі күшейіп, барлық салада басымдық алып келеді. Елімізде peer-to-peer форматында жұмыс істейтін алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School 2024 жылдың қазан айынан бастап жұмысын бастады. Білім беру алаңы алты кезеңнен тұратын іріктеу өткізіп, мыңға жуық үміткерді қабылдады. Бүгінде 216 студент негізгі оқу бағдарламасына қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Маусым, 2025
Бүгінде дүкенге барып аяқ киімді киіп көру қарапайым әрекет. Алайда бір ғасыр бұрын, 1920-жылдары бұл үдеріске ғылыми техника араласқан. АҚШ пен Еуропадағы кейбір аяқ киім дүкендерінде сатып алушылар аяқ киім таңдап жатқанда… рентгендік тексеруден өтетін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Маусым, 2025
Қазір өнімнің сапасы ғана емес, оны қалай ұсынатының да үлкен маңызға ие. Тұтынушының қандай тауарды, қалай және қанша мөлшерде қолданатыны көбіне жарнама арқылы қалыптасады. Теледидардан, әлеуметтік желіден немесе көшедегі баннерлерден көрген көрініс санамызда сақталып, біздің күнделікті әрекетімізге әсер етеді. Жарнаманың мақсаты да сол – өнімді таныстырумен қатар, оны сатып алуға итермелеу, кейде қолдану тәсіліне дейін бағыт беру, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 29 Маусым, 2025
Сарысуға көгілдір отын келетін күн жақын
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов осы жылы 50 мыңға жуық халықтың мәселесі шешіліп, ауданға көгілдір отын келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Маусым, 2025
«Қауіпсіз терезелер – балалардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өтті
Ұлытау облысында «Қауіпсіз терезелер – балалардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шараны облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 29 Маусым, 2025
Қазақстан цифрлық майнинг бойынша Phoenix Group компаниясымен ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев цифрлық майнинг және инфрақұрылым саласындағы жетекші жаһандық компания — Phoenix Group өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 29 Маусым, 2025
Қазақстандық төрт оқушы жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында ең үздік атанды
Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 29 Маусым, 2025
Атырауда мектептер мен балабақшалардың жылыту жүйесі тексеріліп жатыр
Атырау қаласында білім саласындағы мекемелердің жылыту жүйесін тексеру басталды. Тексеру алдағы қысқы маусымға дайындық аясында жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Маусым, 2025
Зиянды емес тері ауруы: Алматыда Витилиго күні атап өтілді
Алматыда Халықаралық Витилиго күніне орай «Витилиго және тері саулығы» орталығында ашық есік күні өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2025
Жылыой ауданында жеті жобаны іске асыру басталды
Атырау облысының Жылыой ауданында жеті инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 29 Маусым, 2025
Қазақстанда геологиялық ақпаратты цифрландыру қарқынды жүріп жатыр
Қазақстанның геология саласында ауқымды цифрландыру жұмыстары табысты жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Маусым, 2025
«Достықта» жаңа заманауи мектеп ашылады
Бүгін облыстық білім басқармасы микрорайон «Достықта» «Келешек мектеп» жобасы аясында жаңа мектептің құрылысы аяқталғанын хабарлады. 1200 орынға есептелген оқу орны қыркүйек айында алғашқы оқушыларын қабылдайды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 29 Маусым, 2025
Әйгерім Алтынбек Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті
Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті. Концерт «Andrea Bocelli Live in Concert» атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Маусым, 2025
Алматыда саңлақтардың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды
Алматыдағы «Динамо» стадионында Қазақстан спортының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ақиық азаматтарды еске алу мақсатында мемориалдық тақта орнатылды. Бұл шараға Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) бас хатшысы Әлімжан Ақаев, қала әкімдігінің өкілдері, түрлі спорт ұйымдарының басшылары, ардагерлер және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Маусым, 2025
FIM өкілі Нита Корхонен Астанаға ресми сапармен келді
Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында Қазақстанға Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM, Швейцария) Ұлттық федерациялармен байланыс жөніндегі директоры Нита Корхонен келді, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 29 Маусым, 2025
Елімізде жоғары білім жүйесі қарқынды дамып келеді
Студенттер саны көбейді, шетелдік талапкерлердің үлесі өсті, білім гранттары мен стипендия көлемі артты, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 29 Маусым, 2025
«Табысым» өсіп жатыр деп ақша құя берген
Алаяқтардың айласы күннен-күнге жетіліп барады. Оларға алданған Петропавлдың бір тұрғыны 19 млн теңгесінен айрылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Маусым, 2025
Медиа саласының 66 өкілі жаңа пәтерге ие болды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің атынан медиа саласы мамандарына пәтер сертификаттары табысталды. Бұл игі шара «Дара» Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 27 Маусым, 2025
Президенттің бағытын жүзеге асыру аясында «AMANAT» фракциясы 62 заң жобасын бастамалады
Мәжілістегі VIII шақырылымының III сессиясында атқарылған жұмыс бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында қорытындыланды. Депутаттар «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ халық қалаулыларының сайлаушылармен кездесу мақсатындағы өңірлерге алдағы сапарына дайындық мәселелерін талқылады.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Статистика кедейлік деңгейі туралы ақпаратты құпияландырып жіберді
Өткен аптада «Қазақстандағы кедейлік: үрдістер, сын-тегеуріндер, еңсеру мүмкіндіктері» тренингі аясында Дүниежүзілік банк (ДБ) мамандары елдегі кедейлік проблемасына қатысты өз пайымын таныстырды, деп жазады Egemen.kz..
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табысталды
Бүгін, 27 маусым күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Елімізде ең көп неке тамыз айында тіркеледі
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тамыз айы неке тіркеу бойынша ең танымал кезең саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 27 Маусым, 2025
Түйреуіштерді сөйлеткен дипломат
Халықаралық саясат әлемінде әрбір сөздің салмағы бар. Ал кей жағдайда үнсіздіктің өзі тұтас мәлімдемеге татиды. Америка Құрама Штаттарының алғашқы әйел мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт дипломатиядағы бұл қағиданы өзгеше қырынан көрсете білді. Ол сөзге де шебер, символға да сара болған санаулы саясаткерлердің бірегейі. Оның дипломатиялық тілі тек мінбердегі мәлімдемелермен емес, киіміндегі кішкентай ғана түйреуіштер арқылы да айтылатын. Олбрайттың тағылған әрбір түйреуіші – бір елге бағытталған ишара, жаһанға жолданған үндеу болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Маусым, 2025
Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.