и
Медицина • 20 Мамыр, 2025
Пандемияға қарсы тарихи келісім қабылданды
Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 78-ші ассамблеясында пандемияға қарсы алғашқы халықаралық келісім қабылданды. Бұл шешім – COVID-19 індетінен кейінгі үш жылға созылған келіссөздердің нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 20 Мамыр, 2025
Қазақстандықтар қай елдерге көбірек саяхаттайды
2024 жылдың маусым айына қарай ұйымдастырылған шетелдік турлардың саны 134 мыңнан асқан. Вьетнам, Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысыр – туристер арасында ең көп таңдалған бағыттардың қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Мамыр, 2025
Азия елдерінде COVID-19 қайта өршіді
Оңтүстік-Шығыс Азияда, әсіресе Қытай, Гонконг және Сингапурда COVID-19 вирусы қайта өршіп жатыр. Оған вирусың мутацияға ұшырауы себеп болған, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Әйелдер құрамасы регбиден қола жүлдеге ие болды
Жапонияның Фукуока қаласында өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы регби-15 бойынша қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Астанадағы «Ғасыр» оқу орталығына тергеу жүргізіледі
Елордада орналасқан «Ғасыр» оқу орталығына қатысты полицияға бірнеше азаматтан ұжымдық шағым түскен. Шағымданушылар оқу орны шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарын уәде етіп, толық төлем алғанымен, қызмет көрсетілмегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Мамыр, 2025
Жыл басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Акция таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Қазақстанның гимнастары Азия чемпионатынан олжалы оралды
Сингапурде көркем гимнастикадан әйелдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, 11 жүлде олжалады деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Мамыр, 2025
Ақтөбе облысында шегіртке дернәсілдерін улау жұмыстары басталды
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша жақын аралықта 520 мың гектар аумақ өңделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2025
Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы туралы айтты
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде елімізді көркейту – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының мақсаты да осыған негізделгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2025
Президент мәдениет және өнер қызметкерлеріне алғыс білдірді
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Мамыр, 2025
Білім мен тәжірибені тоғыстырған форум
Елордада тау-кен металлургия саласындағы корпоративтік оқыту құрылымдарының қатысуымен халықаралық форум өтті. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы мұрындық болған бұл ауқымды жиын Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум менеджментті дамыту жөніндегі Еуропалық қор — EFMD қауымдастығына мүше корпоративтік университеттер мен кадр даярлау ісімен айналысатын ұйымдардың кәсіби байланысын күшейтіп, тәжірибе алмасуға арналған ашық платформаға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 20 Мамыр, 2025
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің жол картасы әзірленді
Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елімізде 2029 жылға дейінгі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жол картасының әзірленгенін мәлімдеді. Құжат 7 бағыт бойынша 29 нақты іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Мамыр, 2025
Алматыда ІІІ Халықаралық «TYRKI DYNIYESI» студенттік театрлар фестивалі ашылды
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен ІІІ Халықаралық «TYRKI DYNIYESI» студенттік театрлар фестивалі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 20 Мамыр, 2025
Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі артты
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6,43%-ды құраған. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары, сол жылы ЖЭК үлесі небәрі 3% болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Мамыр, 2025
Жедел жәрдемнің бағытын онлайн бақылауға болады
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жаңа цифрлық бастама қолға алынды. Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп, елорда тұрғындарына шақырылған жедел жәрдем көлігінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін қанатқақты жобаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Ел мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова білім беру ұйымдарына арналған Тамақтанудың жаңа стандарты мен үлгілік перспективалық мәзірді таныстырды. Бұл құжаттар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша әзірленген және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 20 Мамыр, 2025
10 мың бала лагерьлерде тегін демалады
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Әділет Базарбаев Америкада алтын алды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Industry Hills Expo Center-де— «International Taekwondo Fest 2025» деп аталатын халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Биыл 173 мың колледж студенті оқуын аяқтайды
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Мамыр, 2025
Астанада мәдениет майталмандары бас қосты
Елорда төрінде Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған форум салтанатты түрде ашылды. Үш күнге жоспарланған алқалы жиын еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ортақ мұраттарды жүйелеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Қостанай облысындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты
Бүгін, 20 мамыр күні таңертең «Алматы — Екатеринбург» тас жолының бойында, «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінен шамамен екі шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
Зеленский жаңа кездесу өткізуге ниетті
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киевтің халықаралық кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен
Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Түркияның Анталья қаласында 14-18 мамыр аралығында кикбоксингтен Әлем кубогы үшін болған жарыста Қазақстан құрама командасының қатарында күрескен қызылжарлық Аслан Асылбеков өз салмақ категориясы бойынша бесінші рет чемпион атанып, кубокты жеңіп алды.
Төтенше жағдай • 20 Мамыр, 2025
Қызылордада полицейлер екі адамды өрттен құтқарды
Қызылордада патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Қадыров пен Сүлеймен Камалов аяқ асты шыққан өрттен екі адамды құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл • 19 Мамыр, 2025
Алматы облысында алғаш рет қос функциялы тірек орнатылды
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында өңірдегі алғашқы қос функциялы тірек іске қосылды.
Әлем • 19 Мамыр, 2025
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Мәдениет қызметкерлерінің форумына 600-ден астам сарапшы қатысты
2025 жылғы 19 мамырда Астанада Мәдениет қызметкерлері форумының ашылуы болып өтті. Іс-шара мәдениет және өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне арналды.
Президент • 19 Мамыр, 2025
Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары туралы заңына қол қойды
Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.