и
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Павлодарда 11 мыңға жуық адам жүрек ауруымен есепте тұр
Дәрігерлер бұл дерттің жылдан жылға «жасарып» бара жатқанын айтады. Бұған ең алдымен, тұрғындардың өз денсаулығына салғырт қарауы себеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Гимнастар финалға жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында Challenge Cup сериясының кезеңі басталып, алғашқы іріктеу күні Қазақстан құрамасынан екі спортшы финалға өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Мамыр, 2025
Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді
21 мамырда атап өтілетін өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада Мәдениет қызметкерлерінің форумы ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер сынға түсті
23 - маусым мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ұлытау облысында «Ел жанашырлары» атты дәстүрлі спартакиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Елімізде қандай спорттық нысандар салынып жатыр
Туризм және спорт министрлігі осы жылғы спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан негізгі жобаларды жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Шетелдік инвестор Астана әуежайын 25 жыл бойына қаржыландырады
Terminals Holding (БАӘ) өзінің еншілес кәсіпорны Terminals Astana Airport Limited компаниясымен Астана қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын сенімгерлік басқару туралы 25 жылдық инвестициялық келісімшарт жасасты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2025
Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңі басталды
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесіп, тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
«Күміс жас» жобасы аясында қанша азамат жұмысқа орналасты
Осы жылдың 1 мамырдағы дерегі бойынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 157,8 мың адам тартылып, 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Мамыр, 2025
Адам папиллома вирусы қандай ауру
Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар арасында адам папиллома вирусы (АПВ) әлемде ең кең тараған вирустың бірі саналады. Оның кейбір түрлері онкологиялық ауруларға, соның ішінде жатыр мойны обырына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы бізге Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Жұлдыз Әлпіламқызы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
«Каспий» биржасында битум саудасы 23 мамырда басталады
«Каспий» тауар биржасы» АҚ БНД 70/100 маркалы мұнай жол битумының ұйымдастырылған биржалық саудасы басталғаны туралы хабарлайды. Алғашқы сауда 2025 жылдың 23 мамырында өтеді.
Тарих • 15 Мамыр, 2025
Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық жетітомдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды
Жетісу облысында бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Мамыр, 2025
Қазақстандық студенттер мұнай-химия саласына кадр даярлау бағдарламасы аясында Испанияда оқиды
15 сәуір - ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен жетекші халықаралық инжинирингтік компания Tecnicas Reunidas (TR) және бірқатар серіктестердің қатысуымен инженерлік мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық студенттерге арналған жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Заң • 15 Мамыр, 2025
Жоғарғы сот «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы жеңіп алған тендерді заңсыз деп таныды
Жоғарғы сот Азық-түлік келісім-шарт корпорациясынан «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы жеңіп алған тендерді заңсыз деп таныды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Еңбек министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Еңбек министрлігінің басшысы екі күндік жұмыс сапарынының алғашқы күні өңір басшысы Дастан Рыспековпен кездесіп, облыс активімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Пара дзюдодан әйелдер құрамасы әлем чемпионы атанды
Пара дзюдодан Астанада өткен әлем чемпионатында әйелдер құрамасы топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 15 Мамыр, 2025
Елімізде «Отбасы ағашы» акциясы өтті
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай еліміздің барлық өңірінде «Отбасы ағашы» атты республикалық акция ұйымдастырылып, «Мерейлі отбасы–2025» ұлттық байқауы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Отандық теннисшілер қарт құрлықта күш сынасты
Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен халықаралық турнирлер өтіп жатыр. Сол жарыстарда Қазақстанның да өкілдері бақ сынауда, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Алматыда «Jas Gala» студенттер фестивалі өтті
Студенттік көктем фестиваліне 30-ға жуық жоғары оқу орындары, колледждердің 3 мыңға жуық студенті қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
БҚО-да серіктестік басшысы субсидия қаржысын жымқырған
Несиелік серіктестік басшысы өз бақылауындағы шаруа қожалығының атына 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеп, бұл қаражатты ірі қара мал сатып алмай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Мамыр, 2025
Бразилияда автобустар Димаштың суретімен безендірілді
Еліміздің мақтанышы, әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай бразилиялық фан-клуб «Dimash on the Road» акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Отбасы құндылықтарын сақтаудың тарихи моделі қандай?
15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Мемлекетті құраушы институттың негізіне айналған отбасы күнін атап өту Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген. Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Транскаспий тасымалының көлемі төмендеді
Елімізде контейнерлік тасымал көлемінің бірнеше есеге артуына Транскаспий көлік дәлізінің дамуы ықпал етіп, саладағы негізгі факторға айналды. Бұл туралы «KTZ Express» АҚ бас директорының орынбасары Айбек Қапар ESE ASIA-2025 II Халықаралық көлік форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Мамыр, 2025
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Жандос Шаймардановтың Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2025
Ерлан Қарин халықаралық симпозиумға қатысты
Бүгін Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Грузия қазақстандықтарға шекарадан өтуге неге шектеу қойды
Соңғы уақытта Грузия шекарасынан қазақстандық азаматтарды кері қайтару жиілеген. Бұл жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен осы айдың 12-16 күндеріне ұйымдастырылған республикалық репродуктивті денсаулық апталығында қоғам үшін өзекті әрі маңызды мағлұматтар кеңінен беріліп жатқаны мәлім. Сол орайда Ұлытау облыстық ЖИТС-тың алдын алу орталығының психологы Гүлнұр Беспаевамен әңгімелескен едік, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Үлкен Нарын ауданында екі жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь 1970 жылы туған Сергей Кастерин қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Пара дзюдошылар жеке сайыста 9 медаль иеленді
IBSA Judo World Championships Astana турнирінде жекелей сындағы белдесулер мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.