и
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді
Бұл туралы Борт N1 Telegram арнасын,да жарияланды.
Ауа райы • 08 Мамыр, 2025
Бұршақ, жел, жаңбыр: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
9 мамыр күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Медицина • 08 Мамыр, 2025
Қазақстанда алғаш рет қашықтан роботтандырылған ісікті алып тастау операциясы жасалды
Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында алғаш рет Қытай Халық Республикасындағы Бейжің университетінің №1 ауруханасымен бірлесіп, Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесі арқылы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған қашықтан операция сәтті жүргізілді.
Технология • 08 Мамыр, 2025
Дрондардан тепловизорларға дейін: адам өмірін құтқаратын технологиялар
Дрондар мен тепловизорлар сияқты технологиялар Төтенше жағдайлар министрлігі жұмысының ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінгі таңда қызметтің иелігінде төтенше жағдайларды бақылау және адамдарды іздеу үшін белсенді қолданылатын 134 әртүрлі ұшқышсыз ұшу аппараты бар.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті
Мемлекет басшысы ең алдымен Премьер-министр Мин Аун Хлайнға жуырда Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді
11-12 мамыр күндері елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті
Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Астана әкімдігі шеруге кіре алмаған тыл ардагерінен кешірім сұрады
Әлеуметтік желіде 7 мамыр күні Астанада өткен әскери шеруге кіре алмаған тыл ардагерінің видеосы тарады. Әкімдік видеоға назар аударып, тыл ардагерінен кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласын жаңғырту аясында «Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырып жатыр. Бұл жүйе «Ашық және басқарылатын кеден» тұжырымдамасы аясында қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорт-импорт операциялары жөніндегі бірыңғай терезе» платформаларын алмастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
ШҚО-да еңбек қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
ШҚО-да өндірістегі қауіп-қатерлерді талдап, болжауға және жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпті аймақтарды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай цифрлық мониторинг платформасын енгізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста өшпес ерлік жасаған от жүректі ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Мамыр, 2025
Рим папасын сайлау қалай жүріп жатыр
Кеше кешкісін Ватикандағы Сикстин капелласында жиналған кардиналдар жаңа Рим Папасын сайлау мақсатында алғашқы дауыс беру турын өткізді. Алайда үш сағат өткен соң капелла төбесіндегі мұржадан көтерілген қара түтін – понтификтің әзірге сайланбағанын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2025
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Мамыр, 2025
Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді
2025 жылдың 16-18 мамыр аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегі базасында тректегі велоспорттан ірі халықаралық Silk Way Series Astana 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Мамыр, 2025
Ресейде Жеңістің 80 жылдығына орай жарияланған уақытша бітім күшіне енді
Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин жариялаған Жеңістің 80 жылдығына арналған уақытша бітім 8 мамыр күні Мәскеу уақытымен 00:00-де күшіне енді. Бітім 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін, яғни 72 сағат бойы жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Мамыр, 2025
«Елорда жастары» бағдарламасымен үйлі болудың жолы қандай
Елордада жұмыс істейтін жастарды баспана алу мәселесінде қолдауға бағытталған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Осы бағдарламаға қатысушылардың бірі Ерке Байғабылова мемлекеттің бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 07 Мамыр, 2025
Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді.
Технология • 07 Мамыр, 2025
Цифрлы бейін – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыратын тың құрал
Озық технологиялар қарқынды дамыған кезеңде мемлекеттік органдарды цифрландыру мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі бағытына айналды.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Президент Германияның Федералдық Канцлері Фридрих Мерцті құттықтады
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкент қаласының жол-көлік инфрақұрылымы жаңғыртылады
Шымкент қаласының дамуы үшін жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселесі айрықша маңызға ие. Жолдардың кең, тегіс әрі сапалы болуы қала экономикасы мен тұрғындардың өмір сапасына, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осы орайда қалада жол құрылысы, қайта жаңғырту, жөндеу, қоғамдық көлік саласын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
БҚО-да әскери шерудің тікелей көрсетілімі өтті
Бүгін Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Астанада ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей эфир көрсетілімі өтті. Бұл шараға 1200-ге жуық қала тұрғыны жиналып, еліміздің басты алаңында өткен тарихи сәтке куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Шымкенттіктер Астанадағы әскери шеруді тамашалады
Қаладағы Астана алаңы, Жастар ресурстық орталығы мен Қызғалдақ фонтаны маңына орнатылған үлкен экрандар арқылы тұрғындар ел астанасында өткен тарихи оқиғаны тікелей эфирде тамашалады. Түркістан сарайында да әскери қызметкерлер шеруді бірге көріп, маңызды сәтке ортақтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 07 Мамыр, 2025
Сенімді туроператорлар мен турагенттерді қалай таңдауға болады?
Туризм индустриясы комитеті азаматтарға қауіпсіз әрі сенімді саяхат жасау үшін туроператорлар мен турагенттерді дұрыс таңдауға кеңес береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 07 Мамыр, 2025
Жеңіс күніне арналған әскери парадта қандай әуе техникасы көрсетілді
Астананың басты алаңының үстінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад шеңберінде ондаған ұшу аппараты әуеге көтерілді. Парадты ҚР Мемлекеттік туы мен Қарулы күштердің жалауын алып ұшқан Ми-171 тікұшағының салтанатты ұшуы ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 59 жастағы әйел аневризмадан аман қалды
Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауылының 59 жастағы тұрғыны ауыр жағдайдан аман қалды. Таңғы уақытта өзін жайсыз сезініп, басының қатты ауыруы, құсу және есінен тану белгілері байқалған. Туыстары дереу жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Мамыр, 2025
Биыл 10 мың бизнес бастамаға қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі елдегі кәсіпкерлікті қолдау және қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы екі жаңа қаржылық қолдау құралын енгізді. Бұл тетіктер кепілсіз немесе кепілі жеткіліксіз компанияларға, оның ішінде шағын, орта және ірі бизнеске жеңілдікпен қаржы алуға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2025
Әскери шеруді Қостанай тұрғындары да тамашалады
Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парад Қостанай қаласының орталық алаңында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 07 Мамыр, 2025
Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты
Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парадта майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Мамыр, 2025
Екі қалада жаңа инватакси форматы іске қосылды
2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға инватакси қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл бастама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.