у
Мәдениет • 31 Наурыз, 2025
Disney студиясының «Ақшақар» фильмі қазақ тілінде көрсетілді
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады. Наурыздағы мереке күндері Алматыда Disney студиясының «Ақшақар» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
ҚФФ Бас хатшысы қызметінен кетті
ҚФФ Бас хатшысы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмыс орнына ауысуына байланысты лауазымынан кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Наурыз, 2025
Бектенов жер қойнауын пайдалануды дамыту жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында және биыл қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде геология мен жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 31 Наурыз, 2025
Жеңістің 80 жылдығына арнап ағаш отырғызылды
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызуды бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2025
Қытай Астана үшін маңызды жобаның құрылысын бастайды
Бүгін елордада Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш пен №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысына арналған EPC-келісімшартына қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 31 Наурыз, 2025
Астанада Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды
Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2025
Елімізде автосақтандыру ережесі өзгереді
Биылғы жылдың 7 сәуірінен бастап елімізде автосақтандыру жүйесінде маңызды өзгерістер енгізіледі. «Бонус-малус» полисінің бағасына тек жол-көлік оқиғалары ғана емес, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері де әсерін тигізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 31 Наурыз, 2025
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) криптовалюта, соның ішінде биткоиннің шариғатқа қайшы екендігін мәлімдеді. Осыған орай, мұсылмандарға криптовалютамен айналысуға тыйым салынғаны жөнінде пәтуа шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 31 Наурыз, 2025
Мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі жұмысшыны күйік шалды
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да полипропиленді фракция жанып, зауыт үстінде үлкен алау пайда болған. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 31 Наурыз, 2025
Су басу қаупін азайту жұмыстары жалғасып жатыр
Өңірлерде мұз қабатын әлсіретуге, өзендердің жағалауын нығайтуға, қарды шығаруға, су соруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тәулік бойы жағдайға мониторинг жүргізеді, су деңгейін бақылайды және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 31 Наурыз, 2025
Мьянмада бір апталық ұлттық аза тұту жарияланды
Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайн жер сілкінісі салдарынан 1700-ден астам адамның қаза болуына байланысты 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Дін • 31 Наурыз, 2025
Деструктивті діни ағым өкілдерін реабилитациялау әдісі түсіндірілді
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселеріне қатысты білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2025
Ұлытау обылысында тұрғын үй құрылысы қарқын алды
Ұлытау облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, аймақтың инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып жатыр. Облыс көлемінде жалпы 22 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 5 жалға берілетін, 7 кредиттік және 10 коммерциялық үй бар. Осы үйлердің 16-сы биыл (2 жалға алу, 6 кредиттік және 8 коммерциялық) пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2025
Екі ел Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Мемлекет басшысы өзінің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Наташа Пирц-Мусарға ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2025
Президент Наташа Пирц-Мусармен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 31 Наурыз, 2025
Иран кез келген әскери шабуылға дайын екенін мәлімдеді
Иран Қарулы күштерінің Бас штабы Ислам Республикасына бағытталған кез келген агрессияға қатаң жауап қайтарылатынын ескертіп, жүздеген баллистикалық зымыран ұшыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық әскерилер арнайы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан
Теміртауда жасөспірімдер 67 жастағы науқас зейнеткердің пәтеріне электр қызметкері ретінде алдап кіріп, кейін оған қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 31 Наурыз, 2025
СҚО-да аудан әкімнің орынбасары пара алғаны үшін сотталды
СҚО-дағы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Ақордада Словения Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 31 Наурыз, 2025
Ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив өтіп жатыр
Астанада ауылдық тірек мектептері мұғалімдеріне арналған «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» атты алғашқы республикалық интенсив басталды. Іс-шараны Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 31 Наурыз, 2025
Кәсіпкерлерге арналған «Парыз-2025» байқауы басталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне арналған байқау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2025
Елімізде алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы енгізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Наурыз, 2025
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Биыл Алматыда жұмыс орындарын ашудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа бос жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2025
Министрлік еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы баяндады
Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасқынына байланысты алдын алу шараларын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Наурыз, 2025
Елімізде ядролық қауіпсіздікке қатысты жаңа заң қабылданады
Депутаттар ядролық қауіпсіздік саласындағы жаңа заң жобасын қарайтын болады. Оның тұжырымдамасын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Алматыдағы Ядролық физика институтының ғалымдарымен бірге талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Наурыз, 2025
Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жетекшісі Михаил Шайдоров Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Наурыз, 2025
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты
Елімізде онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында тексеріс шаралары жүріп жатыр. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі онкоскринингтен кімдер тегін өте алатынын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Наурыз, 2025
Президент Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2025
Бас редакторлар клубы мүшелері «ÓzgeEpic» креатив хабының жұмысымен танысты
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері хабты аралап, оның мүмкіндіктері мен ұсынатын қызметтері жайлы мол мағлұмат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 29 Наурыз, 2025
Маңғыстауда есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды
2025 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.