Қазақ
Экология • 23 Сәуір, 2024
Қарағанды облысындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеті отырғызылады
Қарағанды облысының орманшылары Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшетін отырғызуға ниетті. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Қанша үй су астында қалды?
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов еліміздің батысында Ресейдің Ириклинск су қоймасынан Жайық өзеніне судың ағуына байланысты жағдай күрделене түскенін, солтүстікте су көтеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Таиланд арасында тұрақты визасыз режим бекітілді
Бүгін Бангкок қаласында Қазақстан мен Таиланд арасында визасыз режим енгізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Қазақ боксшысы үш дүркін Азия чемпионын жеңді
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен бокстан Дүйсенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген кезекті сенбілік Жезқазған қаласын қысқы қоқыстан жақсылап бір тазартып тастады.
«Таза Қазақстан» • 22 Сәуір, 2024
«Таза қаладан жасыл планетаға дейін»: Курчатовта «Жасыл аймақ» апталығы өтті
«Таза қаладан жасыл планетаға дейін». Курчатов қаласында осындай атаумен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 22 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мақаншы ауданында жалғасып жатыр
Жалпы аудандық сенбілік Мақаншы ауданының «Айдынды-Алакөл» жағалауында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2024
Биыл қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?
«Қазгидромет» РМК Агрометеорологиялық мониторинг және болжау департаментінің директоры Нонна Лоенко мамыр айында құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2024
Қазақстан әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингіде 63-орында тұр
Аталған рейтингте 145 елдің әскери қуаты көрсетілген. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресей, Украина, Белорусь, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен төмен тұр, ал Түркіменстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдова елдері соңғы сатыда қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Сәуір, 2024
Қазақстан бокс федерациясына жаңа вице-президент келді
Қазақстан бокс федерациясы президентінің жарлығымен Түкешов Жалғас Бөкенбайұлы республикалық федерацияның бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Тәжікстан Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы аталған елдің Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресей Федерациясынан әкелінген 2 700 дана қызанақ тұқымында вирус анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Сәуір, 2024
Қазақстанда шала туған нәрестелердің өлім-жітімі үш есеге азайды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен UNICEF деректеріне көз жүгіртсек, ел тәуелсіздігінің елең-алаңында неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші 23 промилле болса, демек бұл әрбір мың нәрестенің бесеуі бір айға да жетпей шетінеген дегенді білдіреді. Қазір жағдай әлдеқайда жақсарған, мәселен 2022 жылғы нәрестелердің өлім-жітімі 5 промилледен төмен болған, яғни бұл Еуропалық одақтағы елдердің көрсеткішіне өте жуық және Орталық Азия елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш.
Білім • 20 Сәуір, 2024
Қазақстан-Испания ынтымақтастығы инновациялық зерттеулерді ынталандыруға ықпал етеді
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан және Испания елшіліктерінің қолдауымен екі елдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-Испания – Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық» халықаралық семинары өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны: «Қазақстан халқына» қорына 2,54 млрд теңге түсті
19 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстандағы су тасқыны жағдайына бейжай қарамайтын ел азаматтары мен отандық компаниялардан 2,54 млрд теңге жиналды. Зардап шеккендерге қаражат жинау 30 сәуірге дейін жалғасады. Жиналған қаражат баспанасыз қалған отбасыларға үй тұрғызу жұмыстарына жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Сәуір, 2024
Президент вейпке тыйым салатын заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Екіжақты келіссөздер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан және Қырғызстан президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 19 Сәуір, 2024
Алтынбек Қоразбаев пен Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстанның мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 19 Сәуір, 2024
Елордада Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Ақордада қарсы алды
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2024
Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Сәуір, 2024
Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері ауысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілерін тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 17 Сәуір, 2024
Қазақстандағы ең жемқор өңір аталды
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны өсті. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы мұндай фактілер ең аз тіркелген өңірлердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2024
Маңғыстауда «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті
Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшұқыр елді мекенінде орналасқан «Қошқар ата» қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Су тасқынына салғырт қараған мемлекеттік қызметкерлер жазалануы тиіс - депутат
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев «AMANAT» фракциясының депутаттары атынан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2024
Қырғызстан президенті Қазақстанға келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Спутник Қырғызстан хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Дубай әуежайын су басып, Қазақстанға қатынайтын рейстер шегерілді
Дубай қаласында жауған толассыз нөсер салдарынан әуеайлақты су басқан. Осыған байланысты «Air Astana» әуекомпаниясы KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.