Әдебиет • 17 Қазан, 2025

Франкфуртта "Егемен Қазақстан" тілшісінің кітабы таныстырылды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде ақын, “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақынның “Америка ашқан қазақтар” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Франкфуртта "Егемен Қазақстан" тілшісінің кітабы таныстырылды

Аталған іс-шараны неміс жазушысы Артур Вайнганд жүргізді.

Шараға АҚШ, Қазақстан, Германия, Украина және Түркия елдерінен келген оқырмандар, әдебиетсүйер қауым мен мәдениет өкілдері қатысты. Іс-шара барысында автор жаңа еңбегінің жазылу тарихымен, шығармашылық ізденістерімен және шетелдегі қазақтардың өмірі мен тағдырына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.3

Таныстырылым соңында қатысушылар кітап авторына сұрақтар қойып, туындының мазмұнына жоғары баға берді.

Франкфурт кітап көрмесіндегі бұл таныстырылым қазақ қаламгерлерінің халықаралық деңгейде танылуына және ұлттық әдебиеттің насихатталуына жаңа серпін берді.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025