у
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
«ZHULDYZDY ZHOL 2025» тележобасы басталды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас музыканттарға арналған «ZHULDYZDY ZHOL 2025» телевизиялық реалити-жобасы басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев сотталды
Марат Әбиев қылмыстық топ құрып, экономикалық контрабандамен айналысқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Депутат жасөспірімдердің желідегі әрекетін бақылаудың жаңа жолын ұсынды
Халықаралық Kaspersky Lab компаниясы былтыр жүргізген сауалнама нәтижесінде еліміздегі балалардың 88 пайызында жеке смартфон бары анықталды. Олардың 28 пайызы барлық бос уақытын гаджетке жұмсайды. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы балалардың телефонға тәуелділігі азайтып, физикалық белсенділігін ширатудың амалдарын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Қазақстандықтар жылына 65 сағатын кітап оқуға арнайды - депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауал жолдап, елімізде кітап оқуға бөлінетін уақыттың аздығын және оқу дағдарысы орын алып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Заң қабылданғанмен, банкроттыққа тапсыру неге қиындап кетті?
ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысында қарызға белшеден батқан азаматтар туралы мәселе көтерілді. Бұл жөнінде депутат Қайрат Балабиев Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Наурыз, 2025
Сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа ілінді
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Наурыз, 2025
Президент Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Наурыз, 2025
UFC Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектен бас тартуын қалай қабылдады
UFC Шавкат Рахмонов үшін жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынған еді. Алайда отандасымыз бұл жекпе-жектен бас тартты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
59 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кеткен
Оқиға – Қостанай облысының Федоров ауданында «Рудный - Қашар - Федоровка» автожолының 25-ші шақырымы тұсында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды
Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Түннің құшағы сейіліп, қараңғылықтың етегі сөгіле бастаған шақ. Жан дүниені тыныштық билеген осы бір мызғымас мезетте жүрек басқа ырғақпен соғады. Себебі, бұл – сәресі уақыты. Алланың ерекше мейірімі мен берекесі төгілетін, таңғы тыныштыққа тұнған қасиетті сәт.
Білім • 05 Наурыз, 2025
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2025
«Жомарт» кенішіндегі апаттың алдын ала себебі анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 05 Наурыз, 2025
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шығады
Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Ұлттық ұланға 7 000 сарбаз шақырылады
Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Наурыз, 2025
Қазақстан халықаралық туристік көрмеге қатысып жатыр
Еліміз ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне экспонент болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Қарағандыда шенеунік мас күйде ұсталып 15 тәулікке қамалды
Қарағанды облысында жол полициясы алкогольдік масаңдық белгілері бар мемлекеттік қызметкерді тоқтатып, тексерістен өтуді ұсынды. Алайда азамат сараптамадан бас тартып, қымыз ішкенін алға тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Наурыз, 2025
Ертең еліміздің 15 өңірінде тұман түсіп, бұрқасын болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Футбол • 04 Наурыз, 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды
Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2025
Өскеменде «Workshop алаңы» ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған. Осыған орай Өскемендегі «Мамандығым – Мақтанышым» Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан бірегей шараға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 04 Наурыз, 2025
Ақтауда шенеуніктер қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақ
Ақтау қаласының әкімдігі 192 жерасты қоқыс контейнерін сатып алуға 1 миллиард теңгебөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Наурыз, 2025
Оңалту орталығының оңтайлы қызметі
Семейде 2021 жылы ашылған балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту перинаталдық орталығы бүгінгі күні өңірдегі жас сәбилердің денсаулығын жақсартуға барынша күш салып келеді. Орталықтың бұрынғы ғимаратында перзентхана болғанымен, бүгінгі күні мұнда денсаулығында ақауы бар жас сәбилер жанына шипа тауып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді
Астана қаласы биылғы Наурыз мейрамын ерекше ауқымда атап өтпек. Қалалық Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, 14-23 наурыз аралығында елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Бұл күндері 200-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 04 Наурыз, 2025
ҚБТУ мемлекет меншігіне қайтарылды
Динара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан
Жол апаты Ұлы Дала даңғылының бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
ІІМ заңсыз айналымдағы қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2025
Еліміздің үш аймағында төрт су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің үш аймағында биыл төрт жаңа су қоймасы салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Наурыз, 2025
Мәжіліс депутаты мобильді технологиялар конференциясына қатысты
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Барселонада өткен мобильді операторлардың жаһандық қауымдастығы (GSMA) ұйымдастырған әлемдегі жетекші мобильді технологиялар көрмесі – Mobile World Congress (MWC) іс-шарасына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2025
ШҚО-да ауыл медицинасын жаңғырту жалғасып жатыр
Шығыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соңғы екі жылда 35 медициналық нысан салынып, жаңғыртылды. Олардың қатарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және медициналық пункттер бар. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.