Заң • 29 Сәуір, 2025

Шерзат ісінде тағы бір куәгер Дархан Әскентайды ұстағанын айтты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот барысында тағы бір куәгер — Дарханның басқа бір сыныптасы, Жәнібек Әмірақын жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шерзат ісінде тағы бір куәгер Дархан Әскентайды ұстағанын айтты

фото: Жоғарғы сот

Ол қазіргі уақытта Талғар аудандық патрульдік полиция қызметкері ретінде жұмыс істейді. Жәнібек оқиға орнына шұғыл шақырту бойынша барғанын, жедел іздестіру кезінде Volkswagen Golf маркалы көлікті тауып, Дархан Әскентайды ұстағанын және оны аудандық полиция бөлімшесіне жеткізгенін баяндады.

Айта кетейік, бұл атышулы іске қатысты бесінші сот отырысы. Бұған дейін жәбірленушілерден жауап алынған болса, қазіргі уақытта куәгерлердің сөздері тыңдалып жатыр. Кеше Эльмира Нұрбекованың берген жауабына қатысты прокурор тарапынан күмән келтіріліп, оның жауабын күмәнді деп тану ұсынылған болатын. Алайда бұл мәселе бойынша сот төрағасы әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ.

Іске қатысты сот процесі әлі де жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025