оқ
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Деструктивті мультфильмдер министрлікті алаңдатып отыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде таралып жатқан деструктивті мазмұндағы мультфильмдерге қатысты ата-аналарға ескерту жасады. Комитеттің мәлімдеуінше, сырт көзге балаларға арналған секілді көрінетін кейбір бейнематериалдар шын мәнінде агрессияны насихаттайтын және адамгершілік құндылықтарға кері әсер ететін бұрмаланған ақпаратты қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Оралда тіл оқыту орталығы ашылды
Орал қаласындағы «Достық үйінде» Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 18 Мамыр, 2025
Атырау облысында былтыр рұқсат берілмеген 168 қоқыс үйіндісі анықталған
Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Жомарт Әлиевтің дерегіне сүйенсек, Атырау облысында ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 232 мың 163 тоннаны құрайды.
Мектеп • 16 Мамыр, 2025
Қазақстан оқушылары биыл 362 медаль олжалаған
2024-2025 оқу жылында дарынды балалар халықаралық олимпиадаларда 362 медаль, оның ішінде 41 алтын олжалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адамның денесі табылды
Жетісу облысында бес күн бұрын өзеннен өтпек болып, ағып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді
17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Осыған байланысты Ақорда баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 15 Мамыр, 2025
Жеңіске үлес қосқан қорғасын зауыты
Екінші дүние жүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуге қазақ елі де аянбай үлес қосты. Миллионнан астам қазақ сарбаздары майдан даласында соғысса, тылда да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбектің көрігі қызып жатты. Қызыл әскерді оқ-дәрі, керек-жарақпен қамтамасыз ету жағынан Қазақстан алдына жан салған жоқ. Соның бірі аты тарихта қалған Шымкенттегі қорғасын зауыты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2025
Су мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды
Елімізден 30 маман Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға аттанып отыр. Еске салайық, бұған дейін КХР-дан 30 адамнан құралған алғашқы топ оралғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды
Әлеуметтік желіде Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер ұрып-соғу фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды
Марқұмның денесі оқиға болған жерден 150 километр қашықтықта табылған. Оны Железин ауылы маңында жергілікті тұрғындар байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2025
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қалай түсуге болады
Алматыда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасы мен магистратурасына құжат қабылдау басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда академияның алматы бөлімшесінің директоры Айнұр Идрисова оқуға түсерде қандай құжат қажет екенін, оның ережесі мен жаңалығы жөнінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін табыстады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Бішкектегі мектептердің біріне Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің есімі берілді
Қазақстан Президентінің әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімін Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясы иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2025
Қазақстандық оқушылар Менделеев олимпиадасында 11 медаль жеңіп алды
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды. 40 елден жиналған үздік жас химиктер арасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 11 медаль иеленді. Осылайша оқушылар АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропаның мықты құрамаларын басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Мамыр, 2025
Абай облысында оқушылар су сүзгісін жасады
Оқушылар қарапайым заттардан тиімді жұмыс істейтін су сүзгісін жасап шығарды. Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
181 мың адам Skills Enbek платформасында оқыған
Биылғы жыл басынан бері 181 мың азамат, оның ішінде 34,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алған. Платформада барлығы 712,5 мың отандасымыз тіркелген, оның 213,8 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 591,9 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Атырауда бір топ жасөспірім екі баланы аяусыз соққыға жыққан
Оқиға Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылында орын алған. Бірнеше жасөспірімнің екі балаға шабуыл жасауы қоғамда алаңдаушылық тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 11 Мамыр, 2025
Шымкентте 9 жасар бала канализацияға құлап кетті
Шымкентте тоғыз жасар бала футбол ойнап жүріп нөсер канализациясына түсіп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Мамыр, 2025
Өмірін сақтады: ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында орын алды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.
Қоғам • 10 Мамыр, 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Сенат Төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шараға ардагерлер ұйымдары мен күш құрылымдарының өкілдері және әскери қызметшілер мен Сенат депутаттары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Владимир Путин Кемел Тоқаевты марапаттау парағын еліміздің Президентіне табыстады
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған
1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Отан қорғау жолында опат болғандарға тағзым етеміз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарды құттықтап, халқымыздың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жанқияр ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Ұлы Жеңіс – халқымыздың жауынгерлік рухының символы - Президент
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 06 Мамыр, 2025
Оқушылар қоршаған ортаны тазартуға арналған робот құрастырды
Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берікқазы су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты, деп жазады Egemen.kz.