Зерде • 25 Шілде, 2025

Жас физиктер Францияда 5 жүлде жеңіп алды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Палезо қаласында 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысқан халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама екі күміс және үш қола, барлығы бес медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Жас физиктер Францияда 5 жүлде жеңіп алды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Күміс жүлдегерлер: Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бекасыл Елубай.

Қола жүлдеге қол жеткізгендердің үшеуі де Астана тұрғындары: Атап айтқанда, «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Әмір Пшенбаев, NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова, «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Артур Ким.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше команданың ғылыми жетекшілері – PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Айта кетелік, физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең беделді пәндік жарыстардың бірі саналады (International Science Olympiads). Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама ондаған медаль жеңіп алып, дайындығы мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп жүр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50