у
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Маңғыстаудағы су тапшылығын шешуді тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кеңесте аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын егжей-тегжейлі талқылау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көкшетауда егде адамдар иогамен айналысады
Облыс орталығындағы жастары жер ортасынан асқан егде адамдар йогамен айналысуда. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы үйірмелерге 700-ден астам адам қатысады. Олардың 400-і йогаға, хореография мен фитнеске барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 18 Сәуір, 2025
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58-ші пленарлық отырысы өтті. Оған Достастық елдер Парламенттері Палаталарының басшылары мен депутаттары қатысты. Қазақстандық делегацияны Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Сапар аясында ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД ПАА-ның салтанатты отырысында сөз сөйледі және маңызды екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау-Зеренді бағытында үш жолақты жол салынады
Еліміз бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол осы бағытта салынады. Басты мақсат курортты аймаққа қатынайтын күре жолды кеңейту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Маңғыстау көлік-логистикасының даму барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі – Ақтау халықаралық теңіз портына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 18 Сәуір, 2025
Боксшы Мұхаммедсабыр Коротков турнирінің қола жүлдегері атанды
Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан дәстүрлі Коротков турнирінде қазақстандық былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Сәуір, 2025
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды
Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогының финалына жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетіп, екі гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет FPV-дрон операторларының жарысы өтті
2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Енді жергілікті бюджеттің борышы үшін әкімдер жауап береді
Қазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған
Оқиға 2025 жылдың 17 сәуірі күні кешкі уақытта зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Баласына көмекке келген әкесіне де бұзақылар шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Ер адам аяқ сүйегінің сынуы салдарынан ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды
Көктемгі уылдырық шашу кезеңінде еліміздің бірқатар су айдындарында, соның ішінде Шығыс Қазақстан өңірінде балық аулауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 18 Сәуір, 2025
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Үкіметі 23 сәуірді «Ұлттық кітап күні» деп белгіледі. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», деген еді ол.
Зерде • 18 Сәуір, 2025
Робототехника жарысына 7 команда аттанды
Хьюстонда (АҚШ) өтетін FIRST Championship атты оқушыларға арналған ең беделді инженерлік жарысқа Қазақстан командалары аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай ұйымдастырылған «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған
Жамбыл облысының Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Шетелдікке шабуыл жасаған адам өмір бойына сотталуы мүмкін
Меркідегі жанармай құю бекетінде шетелдік мотоциклшіге жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жәбірленушінің адвокаты қылмыстық істің бабына өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2025
Италияда аспалы жол кабинасы құлап, төрт адам қаза тапты
Италияның Неаполь провинциясындағы Монте-Файто тауында аспалы жол кабинасы жардан құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір адам ауыр жарақат алып, бір жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 17 Сәуір, 2025
Петропавлда су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр
СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавлда да су деңгейі сағат сайын өзгеруде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2025
Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны жеткізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Елорда • 17 Сәуір, 2025
Астанада астан уланғандар саны 20 адамға дейін жетті
Астана қаласындағы "Көктем" кафесінде тамақтанғаннан кейін ішек инфекциясымен жапа шеккен адамдар саны артты. Ауру жұқтырғандар саны 20 адамға жетті, оның ішінде 11-і — балалар. Ауру жұқтыру дерегі 16 сәуірде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Сәуір, 2025
Қазақстанда 700-ге жуық бала гемофилия кеселімен туылған
Бүгін Алматыда Дүниежүзілік гемофилия күніне орай өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде гемофилиямен туған 1 559 науқас тіркелгені, олардың 678-і – балалар екендігі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Сәуір, 2025
Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Абай облысында 64,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған
Аймақта 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылған екен. Аталған көрсеткіш бекітілген жоспарлы межеден асып, 102%-ды құраған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Сәуір, 2025
Эдуард Ким әртістік жүзуден қола медаль еншіледі
Мысырдағы Хургада шаһарында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Ұлттық құраманың өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 17 Сәуір, 2025
Майдангердің жеке заттары музейге табысталды
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Удмурт Республикасының делегациясы, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері және сарбаздың туыстарының қатысуымен қызыл әскердің жеке заттарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 17 Сәуір, 2025
Оқушылар Еуропалық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтары жоғары екенін айғақтады, деп жазады Egemen.kz.