Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған

1 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған

Фото: Ерлан Омар

Аудандық прокуратураның мәліметінше, балабақша басшылығы жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында екі жыл бойы мемлекеттен заңсыз түрде қаржы алып келген. Олар шын мәнінде балабақшаға келмеген балалар туралы жалған мәліметтер енгізу арқылы 45,2 миллион теңге бюджет қаражатын иемденген.

Аталған құқықбұзушылық 2025 жылғы 11 наурызда аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен тіркелген. Бұл бапқа сәйкес, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе жұмсау әрекеті қарастырылады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тергеуге берілген.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03