ЕС
Президент • 11 Қыркүйек, 2025
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат емделмейтін ауруға шалдыққан балаларды қолдау стандартын бекітуді ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселесінің әлі де шешімін таппағанын айтып, Премьер-министрдің орынбасары Е.Көшербаевқа қарата депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 10 Қыркүйек, 2025
Аман Төлеев есімі Мәскеуде ұлықталды
Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде Кузбасстың көрнекті губернаторы Аман Төлеев туралы деректі-көркем роман - «Тағдыр қиылысында» кітабының тұсаукесері өтті. Жазушы және баспагер Глеб Стафеев бұл айтулы оқиғаны Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Төлеевтер отбасының қатысуымен өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысының түрмелерінде 67 жұп некесін қиды
Қостанай өңіріндегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері 67 неке тіркелген. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың отбасын құру және әлеуметтік байланыстарды сақтау құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2025
Үкіметте Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенконы қабылдап, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 29 млн гектар жер деградацияға ұшыраған – Мәжіліс депутаты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров депутаттық сауалында жерді тиімді пайдалану және әділ үлестіру мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Өзбекстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді
Өзбекстанда жалпыға ортақ 12 жылдық мектеп жүйесі енгізілетін болды. Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасының эфирінде елдің Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрінің орынбасары Сардор Раджабов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.
Есірткі • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстан бойынша тоғыз есірткі зертханасы жойылды
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Қыркүйек, 2025
Күрес түрлерінен әлем чемпионатына баратын балуандар анықталды
3-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан күрес федерациясы жаһан біріншілігінде ел намысын қорғайтын құрама жасақталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2025
Эверест шыңы дрондар арқылы қоқыстан тазартылады
Жер шарындағы ең биік тау – Эверестте қоқыс мәселесін шешудің жаңа жолы қолға алынды. Непал билігі алғашқы рет жүк тасымалдаушы DJI FlyCart 30 дрондарын іске қосып, 2025 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында 6065 метр биіктікте орналасқан лагерьден 300 келіден астам қалдықты төменге жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Popular science агенттігіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин: Жолдаудың басты идеясы – цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы Жолдауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басты әрі біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Жыл соңына дейін 115 медициналық нысан пайдалануға беріледі
Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс. Бұл туралы Президент бүгінгі Жолдауында атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетті инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атауды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Қыркүйек, 2025
Өңдеу саласына көбірек қаражат тарту керек - Президент
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Қыркүйек, 2025
Алматыға Michelin жұлдызды әйгілі аспаздар келеді
Алдағы 7-21 қыркүйек аралығында Алматыда Michelin жұлдызды әлемге әйгілі аспаздардың қатысуымен дәстүрлі Almaty crossroads гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Ресейде YouTube желісі істемей қалды
YouTube видеохостингі Қазақстан мен Ресей аумағында істен шығып, миллиондаған қолданушыны әбігерге салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 05 Қыркүйек, 2025
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы шақырылды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 05 Қыркүйек, 2025
«Қарасора-2025» операциясы кезінде 6 тонна есірткі тәркіленген
Есірткі қылмысымен күресте полицейлер ұшқышсыз ұшу аппараттарын кеңінен пайдаланатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
Елімізде нәресте өлімі едәуір азайды
Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы алты айында нәресте өлімі 22,7 пайызға төмендеген. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 04 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде әнші Qarakesek ұсталды
Ақтөбеде Qarakesek лақап атымен белгілі әнші Омар Амантаев ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 04 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қарсаңында Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Депутаттар Президенттің Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 04 Қыркүйек, 2025
Атырау облысында синтетикалық есірткі таратқан әйел қамауға алынды
Құлсары қаласында синтетикалық есірткі таратып жүрген әйелден 50 түйіншекке салынған есірткі тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 04 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде рэп-орындаушы есірткілік мас күйінде ұсталды
Ақтөбе қаласында жедел іс-шара барысында 31 жастағы рэп-орындаушы жол-патрульдік полициясының қолына түсті. Ол көлікті есірткілік масаң күйде тізгіндеген, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде несие алу тәртібі өзгерді
Несие алу ережелері күннен-күнге жаңарып жатыр. Енді егер сіз 3 932 000 теңгеден (1 000 АЕК) көп несие немесе микрокредит алғыңыз келсе, банк немесе микроқаржы ұйымы жұбайыңыздың жазбаша келісімін сұрайды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 04 Қыркүйек, 2025
Ел боксшыларының әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 04 Қыркүйек, 2025
Депутаттар күзгі сессияда қандай маңызды мәселелерді көтеретінін айтты
3 қыркүйек күні Мәжілістің VIII шақырылымы төртінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді. Он алты республикалық жастар ұйымының өкілі қатысқан кездесуде өзекті мәселелер мен жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Астанада бірқатар мекеме жұмыс уақытын өзгертеді
Астанада 15 қыркүйектен бастап бірқатар ұйымдар жаңа жұмыс режиміне өтеді. Бұл шешім қаладағы жолдарда таңғы және кешкі уақыттарда туындайтын кептелістерді азайту мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Елордада заң үстемдігі мен демократия мәселелері талқыланды
Елордада «Қазақстан Республикасының Конституциясы: 30 жыл мемлекеттіліктің, ел егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілі» атауымен дөңгелек үстел өтті. Айтулы мереке қарсаңындағы жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері талқыланды. Басқосуды Қазақстан халық партиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.