Бизнес • 14 Қараша, 2025

Іскерлік байланыстар артып келеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінде «Солтүстік Қазақстан облысы – Қытай» атты бірінші инвестициялық бизнес-форум өтті. Іс-шара ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзаның қолдауымен ұйымдастырылды. Форумға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған іскерлік делегация өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іскерлік байланыстар артып келеді

Форумға екі жақтан 100-ден астам бизнес өкілдері жиналып, жаңа іскерлік байланыстар орнату төңірегінде ой өрбітті.

«Біз Қытаймен түрлі салада серіктестік қарым-қатынастарды белсенді дамытып келеміз. ҚХР біз үшін маңызды экономикалық серіктес және сенімді инвестор болып саналады. Өңіріміздің екі ауданында субаймақтар іске қосылды», деді облыс әкімі.

Биыл алғашқы сегіз айда Солтүстік Қазақстан облысының Қытаймен тауар айналымы 105 млн долларды құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Іс-шара аясында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» экспозициясы, СҚО-ның жетекші ауыл шаруашылығы өңдеу, кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, қос тараптың 70 ірі компаниясының қатысуымен іскерлік кеңес өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50