м
Әскер • 05 Мамыр, 2025
Алматыда ашық аспан астындағы әскери техника мұражайы ашылды
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков әскери оркестрдің сүйемелдеуімен символдық лентаны салтанатты жағдайда кесті.
Шаруашылық • 05 Мамыр, 2025
Мемлекеттік сатып алу туралы Заң ауылдағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған
Қазір ҚР Үкіметі ауылды жерлерде өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер мен осы салада бұрыннан жұмыс істеп жүрген бизнесмендерге де қолдау шараларының кең спектрін ұсынып келеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Медицина • 05 Мамыр, 2025
Жүрек ырғағы орталығы пациенттерді қабылдай бастады
Елдегі аритмологиялық қызметті дамыту мақсатында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылымында Жүрек ырғағы орталығы өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Парламент • 05 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Ресей Федерациясының Елшілігі ұйымдастырған қабылдауға қатысты. Палата спикері қазақ жауынгерлерінің ерлігі, тарихи естеліктерді жадымызда сақтаудың және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеудің маңыздылығы туралы айтып берді.
Мереке • 05 Мамыр, 2025
Майдангер медицина қызметкерлеріне арналған көрме өтті
Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде осы оқу орнында еңбек еткен екінші дүниежүзілік соғыс майдангерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Әскер • 05 Мамыр, 2025
Отан қорғаушылар ант қабылдады
Бүгін Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызметке алғаш қадам басқан жас сарбаздар ант қабылдады.
Экономика • 05 Мамыр, 2025
Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды
Ақтауда «Caspi Bitum» БК» ЖШС жаңғыртылған битум зауыты ресми түрде іске қосылды. Бұл – Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар нысан, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам басшысын қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Өшпес даңқ • 05 Мамыр, 2025
Астанадағы мерекелік әскери шерудің тікелей көрсетілімі
Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Мамыр, 2025
Нейрохирургтер сәбиді аман алып қалды
Астанада Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургтері үш айлық сәбиге операция жасады. Олар баланың өміріне қауіп төндірген ми ісігін алып тастаған. Қуанышқа қарай, күрделі операция сәтті аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Астанада өтетін Grand Slam турниріне кімдер қатысады
Астанада 9–11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері анықталды. Сонымен қатар жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Олимпиада және Еуропа чемпиондары Түркістанда өнер көрсетті
Түркістанда қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың қатысуымен «Мұз сарайында» өткен шоу – сол жобалардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2025
Астанадағы Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шыңғыс Айтматов көшесінен E-128 көшесіне дейінгі аралықта Қорғалжын тас жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Бірқатар әскерилер мемлекеттік марапат алды
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат наградталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 05 Мамыр, 2025
Алматыда биыл 800 экологиялық автобус сатып алынады
Алматы әкімдігі мен Қытайдың Inspur мемлекеттік компаниясы қалада тиімді көлік қозғалысын басқару мақсатында, биыл сәуірде Алматының зияткерлік көлік жүйесі (ITS) тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Ұлттық мектеп лигасының финалы басталды
Ұлттық мектеп лигасы – Қазақстандағы балалар арасындағы ең ірі спорттық жоба. Бүгін Астанада 7–8 сынып оқушыларына арналған осы жобаның республикалық финалы басталды. Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен үздік шыққан 5000-нан астам оқушы қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2025
Қазақ циркінің акробаттары Миланда әлемдік рекорд орнатты
Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл оқиғаны – отандық цирк өнерінің ауыз толтырып айтарлықтай кезекті табысы десек те болады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Мамыр, 2025
Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Кенесары көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2025
Шаруалар тыңайтқыштармен толықтай қамтылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар қозғалды. Отырыста Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – отандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын атап көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Мамыр, 2025
Ауылдарда қауіпсіздік мейлінше нығаяды
ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, сол шеңберде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2025
Алдағы үш күнде өңірлерде жаңбыр, найзағай,шаңды дауыл күтіледі
Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 6, 7 және 8 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2025
Қазақстанның даму перспективаларын респонденттердің 73%-ы оң бағалаған
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сәйкес азаматтардың басым бөлігі өз өміріне толық қанағаттанады, яғни, отандастарымыздың 73%-ы елдің даму бағытын дұрыс деп санайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2025
Алматы әуежайында жүйелік ақау тіркелді
Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған ұшу залында қысқа мерзімді жүйелік ақау орын алып, рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 05 Мамыр, 2025
Төрт ұрпаққа жалғасқан әскери қызмет
ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының курсанты Асқар Жалеловтің отбасы ұзақ жылдардан бері әскери қызмет атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2025
Қызылордада он бір жасар бала суға батып кетті
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша 11 жасар бала қатарларымен ойнап жүріп, каналға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы іздеуге кіріскенмен денесі тәулікке жақын уақытта табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Мамыр, 2025
Биыл елімізде 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды
Бұл республика көлемінде білім беру саласын жаңа нысандармен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Соңғы төрт айда тек мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде 126 нысан балалар игілігіне беріліп, соның нәтижесінде 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған 4100 кеңес беру пункттері де жаңа ғимаратта жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 04 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлының алып портреті рекордтар кітабына енді
Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Астана Арена» стадионында батырдың алып портреті жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Мамыр, 2025
Қарағандыда ас қорыту жолдары ауыратын балаларға ота жасалды
MUMKINDIK қайырымдылық жобасының аясында Қарағандыдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасының базасында Қазақстан мен Ресейдің жетекші хирургтарының қатысуымен халықаралық шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Мамыр, 2025
Биыл үш мыңға жуық жас маманға тұрғын үй беріледі
Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының 2003-2007 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде шешімін табады. Ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 25 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.