Аймақтар • 12 Маусым, 2025

Атыраулық компаниялар мұнай қалдықтарын заңсыз төккен

1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Karabatan Utility Solutions және IDOS Services компанияларының мұнай қалдықтарын заңсыз төккені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық компаниялар мұнай қалдықтарын заңсыз төккен

Фото: Ашық дереккөз

Аталған кәсіпорындар мұнай өндірісінен шыққан қалдықтарды арнайы бекітілмеген аумақтарға рұқсатсыз төгіп, қоршаған ортаны ластаған.

Экология департаментінің жоспардан тыс жүргізген тексеруі нәтижесінде, аталған компаниялардың экологиялық нормаларды өрескел бұзғаны белгілі болды. Олар жобалық құжаттаманы экологиялық сараптамадан өткізбеген, қажетті экологиялық бағалау жүргізбеген және қалдықтарды заңсыз төгіп, топырақтың құрамын бұзған.

Айта кетейік, Karabatan Utility Solutions компаниясы соңғы екі жыл ішінде экологиялық заңнамаларды бұзғаны үшін 14 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеген.

Қазір бұл фактілер бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдап, мамандар мен құқық қорғау органдары бұл істің барлық мән-жайын тергеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:13

Alatau City және инвестициялық жоспар

Инвестиция • Бүгін, 07:40