бақ
Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Балабақшада таяқ жеген бүлдіршін: полиция іс қозғады
Алматы полициясы қаладағы балабақшалардың бірінде қатарластары тарапынан соққыға жығылған балаға қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған (видео)
Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші соққыға жығылды. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, кішкентай бүлдіршінді өзі сияқты балалар төпелеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Интернаттарда мемлекеттік бақылау алдын ала ескертусіз жүргізіледі
Бүгін Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Депутат Дәулет Мұқаев баяндама жасаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменовадан интернаттарда мемлекеттік бақылау қалай жүргізілетініне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Семейдегі аспалы көпір аяз салдарынан жарылып кетті
Кейінгі үш тәулікте Қазақстанның шығысында аяз күшіне мініп тұр. Салдарынан Семейдегі танымал аспалы көпір жарылып кетті. Көпір үстіндегі жарық өлшемі кей жерлерде 25 см-ге жетеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Ақпан, 2024
Елордада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Мешіттерде ұрлық жасаған алматылық ұсталды
Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттерде тіркелген төрт ұрлықтың бетін ашып, күдіктіні қолға түсірді. Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны заңсыз әрекетін жүзеге асыру барысында бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
СҚО-да 1,7 млрд теңгеге заңсыз балабақша салынбақ болған
Прокуратура жүргізген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы күмәнді мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Ақпан, 2024
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 27 Қаңтар, 2024
Шымкент зообағы жаңа жануарлармен толықты
Шымкент зообағы 3 альпакамен толықты. Олар Чехиядан арнайы алдырылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
«Арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз». Ақтөбе мектептері қатаң бақылауға алынды
Telegram арналарының бірінде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде террорлық сипаттағы іс-әрекет жасаймын деп қару-жарақтың суретін жариялаған. Осы хабарламадан кейін Ақтөбе қаласындағы мектептердің барлығы қатаң күзет режиміне көшті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
Қызметіне адал полиция өкілдері ескерусіз қалмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында полиция қызметкерлерінің ерлік істері ескерусіз қалмайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
185 мың теңге жәрдемақыны ақпан айында кімдер алады – министрлік жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде ақпан айында бір реттік жәрдемақыны кімдер алатынын түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Заң • 16 Қаңтар, 2024
Елімізде төрт түлік иелеріне жаңа тыйым енгізілді
Ішкі істер министрлігі елімізде төрт түлік иелеріне малды бақылаусыз бағуға тыйым салды. Құзырлы орган жаңа шектеу мал ұрлығын тыю мақсатында енгізілгенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 12 Қаңтар, 2024
Астанада мектеп оқушылары онлайн оқитын болды
Елордада ауа райына байланысты бiрiншi ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2023
Ақтауда қатты желден балабақшаның шатыры ұшып кетті
28 желтоқсан күні Ақтауда екпінді жел тұрып, салдарынан қаладағы №3 шағын ауданда орналасқан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Шатыр ғимаратқа жақын тұрған 6 автокөлікке зақым келтірген. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Желтоқсан, 2023
Медицина университетінде шеберлік сағаты өтті
Медицина саласында толайым табысқа жеткен шетелдік мамандар Астана медицина университетінде шеберлік сабағын өткізді. Он күнге созылған семинарға 700-ден астам медицина маманы қатысып, білім көкжиегін кеңейтті.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2023
Атырауда тағы үш балабақша ашылды
Олар Ақжар-2 ықшамауданында орналасқан «Ақжелкен», Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі «Болашақ», Белинский көшесіндегі «Бәйтерек» балабақшалары. Әрқайсының сыйымдылығы 290 орынға арналған. Облыс әкімі Серік Шәпкенов «Ақжелкен» бөбекжайының ашылу салтанатына қатысып, балаларға сапалы білім мен ұлттық тәрбие беретін жобалар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 14 Желтоқсан, 2023
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының директоры тағайындалды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жаңадан құрылған «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС директоры болып Дәулет Сәрсенбаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Желтоқсан, 2023
Халықтың мобильді аударымдары не үшін бақыланатыны айтылды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарының мобильді аударымдарына салықтық бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Ақтауда балабақша тәрбиешісі бір жасар баланы ұрған (видео)
Ақтаудағы балабақшалардың бірінде кішкентай қызды соққыға жыққан тәрбиеші тергеуге алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Қанша градус аязда сабақ тоқтатылуы керек?
Қылышын сүйретіп қыс жеткенде күн райының қандай боларын болжап білу мүмкін емес. Ауа температурасы аязды болып, қыс қысқанда үлкендердің өзі сыртқа шығуға тайсақтап тұрады. Сол себепті қысы қатты өңірлерде сабақтар жиі тоқтатылып жатады. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері қанша градус аязда оқу орнына бармаса болады? Бүгін мектепке, колледжге барудың қажеті бар ма, жоқ па деп күн сайын көңілінде күдік ұялайтындар үшін сауалдың ресми реттелген тәртіптік жүйесіне түсінік береміз.
Шахмат • 11 Желтоқсан, 2023
БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында шахматтан турнир өтеді
Қазақстан шахмат федерациясы Тәуелсіздік күні қарсаңында БАҚ өкілдері және блогерлер арасында Media Chess Cup турнирін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитын болды
Ауа райының күрт суытуына байланысты бүгін екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасына сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
Кез келген адам таксист бола алмайды. Таксистерге қойылатын талап күшейеді
Осы жылдың сәуір айында Әлеуметтік кодекс шеңберінде «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына бірқатар түзету енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
«Әже, Президентті көрдім». Тоқаевпен кездескен бала жылап қалды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Іс-сапар барысында Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Smart Bilim мектеп-гимназиясына да ат басын бұрған еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2023
Сабақ үстінде оқушы телефон ұстамауы керек – депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 22 Қараша, 2023
Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды
Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 22 Қараша, 2023
Міржақып Дулатовтың ролін сомдаған актер жаңа фильмге түсті
Qazaqstan ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Міржақып. Оян Қазақ» көркем фильмінде басты ролді сомдаған актер Бақыт Қажыбаев жаңа киноға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Айыппұл мөлшері 6 миллион теңгеден асып кеткен жүргізушіні тасжолда тоқтатты
Түркістан облысында жергілікті тұрғынның төленбеген айыппұл сомасы 6 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.