Қоғам • Кеше

Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмасымен өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген, оның шеңберінде 2027 жылға дейін 300 мың орын пайдалануға берілуі тиіс. Ал 2-6 жас аралығындағылардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші 2025 жылы 95,9%-ға дейін жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында белгілі болды.

«2023 жылдан бастап бүгінге дейін 182 мың жаңа орын ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 2-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны 2 есе (33,3%-ға) қысқарды», деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

2019 жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдардың саны да артқан. Нақты  атағанда,  8,6%-ға көбейіп, 10 650-ден 12 мыңға дейін жеткен. Сол ұйымдарда бүгінде 1 млн-нан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жүр.

Бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ жекеменшік балабақшалардың 94 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысымен қамтылған екен.