облысы
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» атты жиын өтті. Кездесу барысында Конституциялық реформаның мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысына келді. Олар ең алдымен «Өнер» орталығында жиналған қоғам қайраткерлерімен, еңбек ардагерлерімен, мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Түркістан облысында 12 731 шақырымды құрайтын 4180 канал, жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд текше метр болатын 42 су қоймасы, 5712 шақырымға созылған 1256 қашыртқы және 1794 ұңғыма бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Жамбыл облысында үш оқушының ата-анасы балаларының мектептегі буллинг әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Kia Qazaqstan» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Ақпан, 2026
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Вице-премьер су басу қаупі жоғары Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық нысандар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Өңір диқандары аталған жұмыстар үшін барлық қажетті тауарлық және материалдық қажеттіліктермен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Ақпан, 2026
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында қар құрсауында қалған жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды
Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық перинаталдық орталыққа қатысты жоспардан тыс тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Прокурорлар қадағалау қызметі барысында құрылыс саласында бірқатар компаниялар жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есептілікте көрсетпей, бюджетке елеулі шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
Қызылорда облысындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары мен Талап платформасында құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға орындалған. Нысандарда қазір соңғы әрлеу, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Абай және Батыс Қазақстан облыстарындағы тасжолдарда қатты боран тұрғындарды әбігерге салған. Құтқарушылардың мәліметінше, 20-дан астам адам, оның ішінде бала мен жүкті әйел қауіпсіз жерге жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Ресейге 4 тонна металл алып өтпек болғандар ұсталды
Қостанай облысындағы «Аят» шекара бекетінде Ресейге түсті метал сынықтарын алып өтпек болған «Renault» маркалы жүк көлігі ұсталды. Жүргізушінің жол құжатында көліктің жүксіз, бос кетіп бара жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 19 Ақпан, 2026
The Telegraph басылымы Маңғыстауды әлемдегі ерекше 10 шөлдің қатарына қосты
Британдық The Telegraph басылымы Қазақстанның ең көрікті жері – Маңғыстаудың Бозжыра шатқалын «Әркім өмірінде бір рет болса да баруы керек топ 10 шөл» тізіміне енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Шин-Лайн» ұжымымен кездесті
Бүгін Алматы облысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері «Шин-Лайн» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Түркістанға көктем ерте келді: Нәурізек құсы оралып, бәйшешек гүлдеді
«Сырдария − Түркістан» өңірлік мемлекеттік табиғи паркінің қызметкерлері көктемнің жаршысы саналатын нәурізек құсы қайта оралып, даланы әсем әнге бөлегенін сүйіншілеп хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Ақпан, 2026
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген екі қабатты білім ордасы 1 млрд 220 млн теңгеден астам қаржыға салынған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді
Сауран ауданы Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің үстінен өтетін шағын көпірге жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты зақым келген болатын. Табиғи жағдайға байланысты зақым келген көпір қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді. Сондай-ақ арнайы техникалармен өзен арнасының жан-жағы қазылып, су ағысының бағыты реттелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
«Қазгидрометтің» болжамынша, Қостанай облысында наурыз, сәуір айлары жауын-шашынды болып, ауа райы күрт жылынуы мүмкін. Осыған орай облыс әкімдігінде өткен кеңесте көктемгі тасқынның алдын алу және қауіпті аймақтардағы сақтық шараларын күшейту мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Ақпан, 2026
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
«Кең Дала 2» бағдарламасы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көктемгі егіс пен егін жинау науқандарын жүргізу үшін төмен пайызбен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Бұл бастама Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қаржылық тұрақтылығын күшейтіп, шаруалардың жұмысын жүйелеуге жол ашып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 16 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Оңтүстік Кореяның «Microbus» компаниясының бас директорымен кездесті. Кездесу барысында өңір аумағында бірқатар стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты көші-қон қызметкерлері 40 жыл құжатсыз жүрген азаматтың құжатын рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Ақтөбе облысында биыл төрт мыңға жуық тұрғыны бар сегіз ауыл орталықтандырылған газ құбыры желісіне қосылады. Олардың қатарында Әйтеке би ауданының Ақтасты, Жабасақ, Тымабұлақ, Мәртөк ауданының Полтавка, Ойыл ауданының Ақкемер, Ақшатау, Кемер және Қаракемер елді мекендері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Тараз қаласында қалың қар жауғаннан кейін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында инженерлік тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Ұлытау облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Бүгін, 13 ақпан күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсете алатын, заманау үлгідегі Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Қазақстанда мұнай іздеу географиясы кеңеюі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 13 Ақпан, 2026
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жүйесі арқылы былтыр 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Жетісу облысында Сауда және тұтынушылардың құқықығын қорғау департаменті азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.