Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғаш рет саяси науқанға қатысқан аруға учаске мүшелері символикалық сыйлық табыстап, гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тілектерін білдірді. Осылайша, туған күнімен қатар азаматтық қадамын жасаған Айкүміс Кәрим үшін бұл күн жаңа өмір белесінің және қоғам өміріне белсенді араласудың жарқын бастауы болды.
Облыста 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие.