ұлттық
Құрылтай • 19 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың V отырысы: Қандай мәселелер талқыланады?
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлімдеп, маңызды жиында қандай мәселелер талқыланатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 16 Қаңтар, 2026
Мәжіліс депутаттары Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Астана қаласының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын күзеткен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміне Мәжіліс депутаттары арнайы келді. Делегация құрамында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері депутаттар Дәулет Тұрлыханов, Болат Керімбек және Ардақ Назаров болды. Іс-шараға АМANAT партиясының Астана қалалық филиалының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды
Диас Тәңірбегеновтің есімі Семей қаласының тұрғындарына жақсы таныс. Өткен жылдың 11 сәуірінде жас жігіт көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде ерлік пен жанқиярлық танытып, жалын шарпыған пәтерден көршісін құтқарып қалды. Көрсеткен батылдығы үшін ол Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қаңтар, 2026
Ұлттық қордың активтері рекордтық межеге жетті: 2026 жылы – 77,77 млрд доллар
Еліміздің стратегиялық «қауіпсіздік жастығы» саналатын Ұлттық қордың жай-күйі туралы кезекті есеп жарияланды. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, қордың жиынтық активтері 77,77 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Қаңтар, 2026
Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті
Ақмола облысындағы «Ақкөл–Степногорск» автожолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолға шыққан азамат қиын жағдайға тап болды. Тайғақ жолда автокөлік басқаруға көнбей, жол жиегіндегі қарлы жыраға сырғып кеткен. Қалың қарға батқан көлік өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 12 Қаңтар, 2026
Астанада Ұлттық ұланның мерекелік концерті өтті
Іс-шара ІІМ Ұлттық ұлан күніне және «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда Ұлттық ұлан күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады
2025 жылы Қазақстанның арнайы қызметтері ел аумағында әрекет еткен 20 қарулы қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл топтар кісі өлтірумен, бопсалаумен және есірткі бизнесімен айналысқан. Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 70 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді
Шымкент қаласында Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі қаза тапқан еді. Осыған байланысты қозғалған қылмыстық іске Бас әскери прокуратура түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қаңтар, 2026
78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы жылғы 1 қаңтардағы дерегінше, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «Ұлттық қордан» түскен қаржыны алу өтініші бойынша 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 05 Қаңтар, 2026
Теңге нығайды, валюта нарығы жанданды: Ұлттық банк 2025 жылдың қорытындысын жариялады
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылдың желтоқсан айы мен жыл қорытындысы бойынша валюта нарығындағы ахуалды жариялады. Өткен жылы теңге долларға шаққанда нығайып, қор биржасындағы сауда көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қаңтар, 2026
Екі жылда 28 млн доллар игерілді: Азаматтар Ұлттық қор қаражатын қалай жұмсап жатыр?
Елімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қолға алынғанына екі жыл толды. Осы уақыт ішінде ел тұрғындары 28 млн доллардан астам қаражатты тиімді пайдаланып үлгерді. Бұл ретте ата-аналар мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті негізінен баспана мәселесін шешу мен балаларының білім алуына бағыттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тауар айналымына қатысатын барлық өнім Ұлттық тауарлар каталогінде (ҰТК) тіркелуі тиіс. Бұл талап сауда көлемінің, соның ішінде онлайн сауданың күрт өсуіне және елдегі цифрландыру үдерісінің жедел дамуына байланысты қабылданған. Жаңа жүйе мемлекет пен бизнес үшін ортақ, бірізді әрі ашық тауарлық деректер кеңістігін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2025
Елордалық ұландықтар өз күшімен мұз қалашығын жасады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің аумағы жарқыраған, ертегідей әрі ерекше жылы атмосфераға толы нағыз мұз қалашыққа айналды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы үміт пен ізгі ниетке толы ерекше кезең Жаңа жылда сарбаздардың ғажайыпқа деген сенімін оятып, шынайы тілектерін орындады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 25 Желтоқсан, 2025
Ұлан сарбаздары елордалықтарға мерекелік сый жасады
Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық сый жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 24 Желтоқсан, 2025
Доллардың орташа бағамы бір тәулікте 0,88 теңгеге өсіп, 511,00 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
Президент «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Президентке холдингтің биыл атқарған қызметінің қорытындылары, сондай-ақ ұйымды трансформациялау және экономикалық дамудың стратегиялық басымдықтарын іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 22 Желтоқсан, 2025
Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі
Елордада Ұлттық құрылтай секцияларының отырысы өтті. Алқалы жиында Мемлекеттік кеңесші президенттік реформалардың маңыздылығы мен нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұландағы ұлықтау кеші: Астаналық сарбаздар үйлеріне қайтады
ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып, запасқа шығуға әзір тұрған 120-дан астам сарбазды ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Жоғары білімді адамдардың көбеюі ұлттық жинақ деңгейін төмендете ме?
Білім таусылмайтын байлық екені белгілі, ал оның ел экономикасындағы жинақ қорларына әсері қандай? Соңғы уақытта әлемдік ғылыми ортада жоғары білімді азаматтардың үлесі артқан сайын, ұлттық жинақ деңгейінің төмендеуі мүмкін деген қызықты болжамдар айтыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2025
Ұлттық қордың биылғы инвестициялық кірісі белгілі болды
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Ол Ұлттық қордың 11 айдағы инвестициялық кірісі 8,2 млрд долларға жеткенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 17 Желтоқсан, 2025
Жылдық инфляция көрсеткіші 12,4%-ға дейін бәсеңдеді
Қазақстанда қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция көрсеткіші 12,4%-ға дейін бәсеңдеді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл өзгеріске Үкімет тарапынан қабылданған әкімшілік шаралар тікелей ықпал еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 17 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк: Теңге бағамы 2,4%-ға нығайды
Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің қазіргі бағамына түсініктеме берді. Ол жыл басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни 2,4%-ға нығайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Әскер • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары «Ұлттық қор – балаларға» жинағынан 28 млн доллар шешіп алған
2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылар жалпы сомасы 28,25 млн доллар болатын 188 242 өтініш беріп, ол толық орындалды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріп, 2026 жылға арналған жоспарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2025
Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру механизмі бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлар тізбесін белгілеу туралы бұйрықты бекітті. Құжатқа сәйкес, аталған тізімге кіретін өнімдерді импорттаған кезде салық төлеушілер қосылған құн салығын кейінге қалдыру құқығына ие болады. Бұл норма Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті
Келер жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланда асыл тұқымды қызметтік иттердің қатары артып келеді
Биыл 6654 әскери бөлімнің кинология орталығында асыл тұқымды 40-тан астам күшік болашақта ел тыныштығын қамтамасыз етуге үйретіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.