ек
Тағайындау • 14 Қазан, 2025
Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қазан, 2025
Президент e-Parlament құралын қолдану мүмкіндіктері туралы пікір білдірді
Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
Бюджет қаражатына бақылау күшейтілді
Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Қазан, 2025
Қазақстанның мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспардың 102 пайызын құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қазан, 2025
Мемлекеттік сатып алу саласында ЖИ көмегімен 781 млрд теңге үнемделді
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдетіліп, отандық кәсіпорындарға қолдау күшейді. Жаңа заңның арқасында келісімшарттар көлемі өсіп, ал шағымдар саны азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қазан, 2025
Автобус паркін жаңарту ісі тоқтап қалған - депутат
13 қазан күні Ішкі істер министрлігінің ғимаратында көшпелі Үкімет сағаты өтті. Онда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Тақырып бойынша Ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндама жасап, Мәжіліс депутаттарының сауалдарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 14 Қазан, 2025
Елімізде биыл 600 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылғы 1 қазанға дейінгі деректерге сүйенсек, елімізде 607,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Олардың ішінде 269,1 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қазан, 2025
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды қандай әлеуметтік қолдау шаралары бар?
Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні (МБА) атап өтіледі. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Қазан, 2025
Қазақстан су спортынан Азия жарысын 8 алтынмен аяқтады
Су спорты түрлерінен Азия чемпионаты (Үндістанның Ахмедабад қаласы) аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қазан, 2025
Мәдениет – күрделі де ауқымды ұғым. Оны әртүрлі мағынада қолдануға болады. Біз мәдениеттің күнделікті өміріміздің айнымас бөлшегі екенін, ол біздің ойымыздан, іс-әрекетімізден, қарым-қатынасымыздан көрініс табатынын жақсы білеміз. Бірақ мәдениетті білу бір басқа да, мәдениетті болу мүлде басқа. Сол себепті үшбу мақаламызда келесі сауалдарға жауап іздесек дейміз: мәдениет адамға не үшін керек, зиялылық қандай жағдайда қалыптасады, мәдениет пен оспадарлық арасындағы еркіндік пен жауапкершілік қандай?
Қоғам • 13 Қазан, 2025
Енді автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылады
Енді Қазақстанда автомектептер тек Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылады. Бұл туралы ведомство басшысы Ержан Саденов мәлімдеді. Жаңа шаралар жүргізушілерді даярлау сапасын арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 12 Қазан, 2025
Мың түйелі керуен: Қазақстанның жаңа рекорды Гиннес кітабына тіркелді
Алматы облысында мың түйеден құралған керуен ресми түрде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы шара барысында кітап өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Елордалық оқушы «Жасыл мектеп» жобасын ұсынды
Болашақтың жасыл әрі экологиялық қауіпсіз мектеп жобасын таныстырған Ақбота Базарбай №29 мектептің 9-сынып оқушысы, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 10 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта кірісті
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі жариялап, жаттығу сәтінен видео үзінді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қ. Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Жиынға қатысушыларға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған тәжік тарапы мен Президент Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Карғыба өзені бөгетін реконструкциялау жобасы қолға алынды
Бөгет – Абай облысына қарасты Ақсуат ауданы аумағында. 2021 жылы жобаны әзірлеу кезінде олқылықтарға байланысты тоқтатылған реконструкциялау жұмысын Су ведомствосы қайта бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбедегі Ұлттар сарайына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысу үшін Душанбедегі Ұлттар сарайына барды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 10 Қазан, 2025
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкердің құқын қорғады
«Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 10 жылдан астам жерасты кенішінің өндіру учаскесінің шпур бұрғылаушысы Б. есімді азамат денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қазан, 2025
Жаһандық жарысқа жеті велоспортшы барады
Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты Сантьяго (Чили) қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы оған қатысатын ерлер құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Қазан, 2025
Алматы мектептерінде орын тапшылығы екі есеге азаяды
Қазіргі кезде қалада білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Ауғанстанда Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік желілерінің жұмысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Екібастұзда үй өртеніп, 6 адам тірідей жанып кетті
Екібастұздың ауылдық аймағында жеке шаруашылықтың үйі мен шаруашылық ғимараттары өртенген. Тілсіз жаудың салдарынан үйде болған 6 адам өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қазан, 2025
Суармалы су беру келісімшарттары цифрландырылады
Келесі жылы 1 қаңтардан бастап «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы суармалы су беру бойынша келісімшарттар онлайн форматта ғана жасалады. Бұл шара – судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қоюды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 08 Қазан, 2025
Елімізде 121 бала донор кезегінде тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, донор ағзасына кезекте 4 384 пациент тұр, оның ішінде - 121 бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында әскери қызметкер қаза тапты
7 қазан күні шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде оқыс оқиға орын алып, мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген қызметкер қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 08 Қазан, 2025
Дәрі-дәрмекті таңдау еркіндігі беріледі
Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізуге кірісті. Нақтыласақ, дәрілерді бірлесіп төлеу жүйесі іске қосылады. Қанатқақты жоба биыл Астана қаласында басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады, деп жазады Egemen.kz.