м
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Шымкентте 51 азамат тұрғын үй сертификатын алды
2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 05 Наурыз, 2025
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шығады
Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Ұлттық ұланға 7 000 сарбаз шақырылады
Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Наурыз, 2025
Қазақстан халықаралық туристік көрмеге қатысып жатыр
Еліміз ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне экспонент болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 05 Наурыз, 2025
Қадыр Мырза Әліні көрнекті ақын деуге әбден болады. Жырламаған тақырыбы жоққа тән. Қай тақырыпты жырласа да, жеріне жеткізетіні соншалық, жан дүниеңді жадыратып, ой жетегіне үйіре түседі. Сөйтіп, өмірге құштарлық сезіміңді оятады.
Ауа райы • 04 Наурыз, 2025
Ертең еліміздің 15 өңірінде тұман түсіп, бұрқасын болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Саясат • 04 Наурыз, 2025
БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2025
Өскеменде «Workshop алаңы» ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған. Осыған орай Өскемендегі «Мамандығым – Мақтанышым» Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан бірегей шараға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 04 Наурыз, 2025
Ақтауда шенеуніктер қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақ
Ақтау қаласының әкімдігі 192 жерасты қоқыс контейнерін сатып алуға 1 миллиард теңгебөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Наурыз, 2025
Депутаттар қылмыстық құқық саласындағы халықаралық келісімдерді талқылады
Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Наурыз, 2025
Оңалту орталығының оңтайлы қызметі
Семейде 2021 жылы ашылған балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту перинаталдық орталығы бүгінгі күні өңірдегі жас сәбилердің денсаулығын жақсартуға барынша күш салып келеді. Орталықтың бұрынғы ғимаратында перзентхана болғанымен, бүгінгі күні мұнда денсаулығында ақауы бар жас сәбилер жанына шипа тауып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді
Астана қаласы биылғы Наурыз мейрамын ерекше ауқымда атап өтпек. Қалалық Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, 14-23 наурыз аралығында елордада «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Бұл күндері 200-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Тасқынмен күреске 10 мың әскери қызметші жұмылуға дайын
Ұлттық ұлан өткен көктемгі су тасқыны кезінде өз әлеуетін көрсеткені мәлім. Биыл да халыққа көмектесуге әзір, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2025
Еліміздің үш аймағында төрт су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің үш аймағында биыл төрт жаңа су қоймасы салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Наурыз, 2025
Түркиялық компания елімізде тыңайтқыш зауытын салуға ниетті
Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 04 Наурыз, 2025
Жошы хан туралы халықаралық сериалдың түсірілімі басталды
Тарихи фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының павильондарында «The Golden Empire» жұмыс атауымен түсіріліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Әкесі ұлын сабап, суға батырмақ болған
Ресейдің Пермь қаласында куәгерлер ер адамның баласын суға батырмақ болған сәтінде араша түсіп, құтқарып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Түркияда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы тойланды
Анкарада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясындағы еске алу жылының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Наурыз мерекелерінде қазақстандықтар қанша күн демалады
2025 жылдың наурыз айында мереке және демалыс күндерін қосқанда, ел азаматтарына 14 күн демалыс беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 04 Наурыз, 2025
Ақмола облысында есірткі арнасының жолы кесілді
2025 жылдың ақпанында ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Наурыз, 2025
Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 04 Наурыз, 2025
SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылады
Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қаладан 25 пайызға жоғары
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Наурыз, 2025
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Айбек Смадияров СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып бекітілді. Ол сонымен қатар министрліктің ресми өкілі қызметін де қоса алып жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Педагогтердің айлық жалақысы кейінгі бес жылда қалай өсті
Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Қазақстан пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдауды жалғастырады
Елімізде халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың ұстаздарын ынталандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап жүлдегерлерге ақшалай сыйақылар мен білім гранттары беріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 04 Наурыз, 2025
Ауыл мектептерінде олимпиада жүлдегерлерінің саны артып келеді
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Әр екінші оқушы халықаралық білім бәйгесінен жүлдемен оралды
2024 жылы Қазақстан құрама командалары Математика (IMO), физика (IPhO), биология (IBO), лингвистика (IOL), химия (IChO), география (IGeO) және информатика (IOI) бойынша әлемдегі ең беделді жеті олимпиадаға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылады
Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 98 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.