Оқиға • 21 Сәуір, 2025

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі жасөспірім көз жұмды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол апаты бүгін, 21 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы, Байтерек ауданына қарасты Переметное – Белес автожолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі жасөспірім көз жұмды

Фото: istockphoto.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac N56 жүк көлігі мен ВАЗ-2110 маркалы жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан  15 және 17 жастағы бозбалалар оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

«Полиция департаменті марқұмдардың отбасыларына қайғыра көңіл айта отырып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35