у
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицияның ерекше бақылауына алынды. Бұл бастама оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 22 Сәуір, 2026
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
22 сәуір күні таңертең Алматы қаласына жақын аумақта жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 04:26-да тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қазақстанда 27 наурыздан бастап су есептегіштеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі және ол 2029 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Астанада 22–24 сәуір аралығында Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар негізгі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, кей жерлерде жолдар жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Ел тұрғындары 22 сәуірге қараған түні ерекше астрономиялық құбылысты –Лирида жұлдыздар жауынын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
2026 жылғы 18 наурызда Дубай қаласының бірінші инстанция соты Қазақстан азаматы Е. Алмаханды бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті және айыппұл төлеуге үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
21 сәуір күні «102» пультіне сауда орталығында бомба қойылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер дереу келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қазақстанда Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-та жарияланған мәліметтерге байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Жұмабекұлы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бірқатар күмәнді жайттарды айтты. Ол «Қазатомөнеркәсіп» пен «Самұрық-Энерго» компанияларына қатысты нақты сұрақтар қойып, тендерлердің ашықтығына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, тиісті министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 21 Сәуір, 2026
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Астанада экология саласындағы ірі инвестициялық жобаға жол ашылды. Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Shenzhen Energy Environment Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ганмен кездесіп, қалдықтарды кәдеге жарату және озық экологиялық стандарттарды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі
Екатеринбург – Астана бағытындағы әуе рейсінде кәмелетке толмаған жолаушылардың қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Ұшақ бортында болған жағдай жолаушылар арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 21 Сәуір, 2026
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Ауа райының жылынуына және электросамокат пайдаланушылар санының артуына байланысты Астана қаласында рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде 200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Елордада қолға алынған бұл бастама жүргізушілердің тәртібін күшейтіп және жол-көлік оқиғаларын азайтуға ықпал етіп, қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2026
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Елімізде ұшу географиясы кеңейіп, қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер саны артып келеді. Осы бағытта таяуда Қазақстан мен Армения арасында әуе рейсі қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Тараптар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде екі шетел азаматы қару-жарақ арсеналымен ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда Астана қалалық Полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 21 Сәуір, 2026
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада 2024 жылы туған баланың қайтыс болуына байланысты медициналық көмек сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мен шағым негізінде басталған тексеру инфекциялық орталықтағы емдеу ісінің барлық кезеңін қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 21 Сәуір, 2026
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2026
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Қатар Азаматтық авиация басқармасы (QCAA) шетелдік әуе компанияларының рейстерін кезең-кезеңімен қайта жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Скопье қаласында өткен келіссөздер қорытындысында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасында іскерлік байланыстарды нығайтатын жаңа тетік – Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл қадам екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Банк шотының бұғатталуы – кез келген клиент тап болуы мүмкін жағдай. Мұндай кезде сабыр сақтап, нақты себепті анықтап, тиісті әрекеттерді дер кезінде жасау маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мүгедектігі бар жандарға арба мен протездер жалға беріледі: Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған арбалар, протездер және өзге де техникалық оңалту құралдарын қайтарымды негізде, яғни жалдау арқылы беру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхті қарсы алу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 21 Сәуір, 2026
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Биыл жаһан жұртшылығы көз тіккен футболдан әлем чемпионаты өтеді. Төртжылдықтың басты аламаны осы жылы форматымен ғана емес, өткізілу тәсілімен де ерекшеленіп, әлемдік футболдың жаңа парағын ашқалы отыр. Қазірдің өзінде чемпионатқа қатысқалы отырған командалар анықталып, дайындық күшейе түсті. Ал чемпиондық бойынша көшбасшылардың бірі саналған Италия ұлттық құрамасының іріктеуден өте алмауы болар бәйгенің қызығын арттырып жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асты. Іс бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.