Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өңірде террористік тұрғыдан осал 675 нысан анықталған, оның ішінде 240-ы – білім беру ұйымдары. Қазіргі уақытта мектептерде, медициналық колледждерде және өзге де оқу орындарында антитеррористік қорғалу деңгейіне кешенді тексерулер жүргізіліп жатыр.
Тексеру барысында бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және олардың Жедел басқару орталықтарына қосылуы, сондай-ақ дабыл түймелерінің болуы мен жарамдылығы басты назарға алынған. Бұдан бөлек, жеке күзет ұйымдарының қызмет сапасы мен қызметкерлердің төтенше жағдайға дайындығы да жіті қадағаланады.
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Сонымен қатаh білім беру ұйымдарының басшылығы мен ұжымдарына профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Полиция мәліметінше, балалардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Осыған байланысты бейнебақылау жүйелеріне бақылау күшейтіліп, патрульдік полиция бағыттары мектептерге барынша жақындатылған.
Ведомство өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтау мен өскелең ұрпақты қорғау негізгі міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Өңірдегі барлық білім беру нысандарын кешенді тексеру белгіленген мерзімде аяқталады.