Ай
Ауа райы • 30 Наурыз, 2024
Найзағай, жауын-шашын, жел: еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 30 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түсетінін, екпіні күшті жел соғатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды
Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Наурыз, 2024
Қазақстанға аяз қайта оралады - синоптиктер
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, ел аумағында әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 38 елді мекен электр қуатынан ажырап қалды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласында төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Абай облысында эвакуацияланғандар үйлеріне оралды
Өңірде еріген қар суы салдарынан бөгеттер мен елді мекендерді су басқаны мәлім. Қызыл су жүрген Аягөз, Ақсуат аудандарының тұрғындары арнайы эвакуациялау пунктеріне орналастырылған еді. Бүгін аудан халқы үйлеріне оралды. Жарма және Аягөз ауданындағы су басқан ауылдарға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Наурыз, 2024
Боао форумы: Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Наурыз, 2024
Азиялық ренессанс және Қазақстан амбициясы. Тоқаевтың Қытайға сапары туралы
Саясаттанушы, шығыстанушы Әділ Кәукенов Қазақстан Орталық Азия аймағының үнін бүкіл Азияға естілуін қамтамасыз етуге аса мүдделі деген пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Наурыз, 2024
Президент SPIC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысы су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатыр
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында тасқын су тағы қайталануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан: 4 аудан мен Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны бойынша күрделі жағдай сейілмей отыр. Наурыздың 25-інен бері Орал қаласында және Сырым, Қаратөбе, Теректі және Бөрлі аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Өңірде құрылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 29 Наурыз, 2024
Торғайдың апат аймағына бүгін көмек керек – Ермұрат Бапи
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи facebook-парақшасында басқа өңірлермен қатар Торғай аймағы да тасқын судан қатты жапа шегіп жатқанын, сол себепті халыққа көмек керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Наурыз, 2024
Тұман, жаңбыр, жел: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады
Қазгидромет 28 наурызға арналған ауа райына болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды - облыс әкімі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов екі күннен бері жойқын су тасқыны болып жатқан Арқалық қаласында, Амнгелді, Жангелдин аудандарында жүр. Арқалықта БАҚ өкілдеріне сұқбат берген әкім жағдайды тікелей өз бақылауына алғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Алматы қаласында ауа райы күрт бұзылып, шаңды дауыл соғып тұр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Наурыз, 2024
Елдің басым бөлігінде нөсер жауын жауады
«Қазгидромет» РМК мамандары 29 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсындыі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Жағдай әлі де күрделі: Қостанай облысында 390 адам құтқарылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде қар еріп, елді мекендерді су басып жатыр. Қостанай облысында жағдай әлі де күрделі. Осы орайда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуов өңірде қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Президент Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боаоға жұмыс сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Асхат Оралов жаңа қызметке кірісті
Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 28 Наурыз, 2024
Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат Аппараты Басшысының орынбасарын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысының полицейлері су басқан аудандарға көмекке кетті
Қостанай облысы Полиция департаментінің 40 қызметкері су басып жатқан Торғай өңіріне көмекке аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында төтенше жағдай жарияланды
Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады
27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Қарағанды облысының жаңа полиция басшысы тағайындалды
Нығмет Исмағұлов Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 390 адам құтқарылды
Қостанай облысының қызыл су басып жатқан аудандарында 390 адам құтқарылды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Арқалықтың маңайындағы елді мекендерден 307 тұрғын, Амангелі ауданынан 37, Жангелдин ауданынан 46 адам құтқарылған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 28 Наурыз, 2024
63,5 келі: Лицензиялық турнир іріктеуіне қатысатын боксшылар белгілі болды
Қазақстан бокс федерациясы ерлер арасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасы үшін әлемдік лицензиялық турнирге іріктеу басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект саласында ықпалдастықты нығайту маңызды
Боао Азия форумының пленарлық сессиясындағы сөйлеген сөзінде Президент көлік-транзит ынтымақтастығы, азық-түлік қауіпсіздігі, технологиялық ынтымақтастық сынды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 28 Наурыз, 2024
Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында бүгінде Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы тиімді серіктестіктің үлгісі саналады. Еліміз Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.