Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025

Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеу жұмысын – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. ЖИ енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖИ медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ, бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (сырқат түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  мәліметінше, қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режімде апробациялау (жорамалды дәлелдеу үшін тәжірибе жүзінде зерттеулер жүргізу) жоспарға алынған.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57