Соңғы жаңалықтар
Экономика • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінен асыл тұқымды қазақы жылқыны экспорттау көзделіп отыр
Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы Асхат Шахаров бұл туралы Jibek Joly арнасындағы «Уәде» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Алматыдағы Кардиология орталығында алғашқы жүрек ауыстыру операциясы жасалды
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында алғаш рет жүрек ауыстыру отасы жасалып, терминалдық кезеңдегі созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан 34 жастағы ер азаматқа донорлық жүрек салынды. Ауруы асқынып, дереу жүрек трансплантациясын қажет еткендіктен, науқас республикалық Күту парақшасына енгізілген еді, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 26 Қараша, 2025
Жолдың стратегиялық даму бағыттары талқыланды
Астанада өткен «Kaztraffic-2025» көрмесі аясында «Жолдар және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 20 елдің сарапшылары жол саласының стратегиялық даму бағыттарын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы ұсталды
23 қарашада ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонға байланысты әрекеттің алдын алды. Тексеру кезінде жүк көлігіндегі құрылыс материалдарының арасынан 10 шетелдік азаматты анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Айыртау ауданындағы бір мектепте оқушылар тұмаудың салдарынан қашықтан оқытуға ауыстырылды. Енді олар 3 желтоқсанға дейін мектепке келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қараша, 2025
Италиядағы COOK журналы алты бетін Қазақстанға арнады
Италияның жетекші басылымдарының бірі Corriere della Sera құрамына кіретін COOK гастрономиялық журналы Қазақстаннан ауқымды репортаж жариялап, еліміздің мәдениеті мен ұлттық тағамдарынан кеңінен насихаттады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
Мұнай өнімдерін шетел асырған қылмыстық топ қолға түсті
Ақтөбеде заңсыз құжат жасап, жанармайды шетелге тасымалдаған кәсіпорынның қылмысы әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Мәжіліс төрағасының Мароккоға сапары: екі ел арасында тікелей рейстер ашылуы мүмкін
Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламидің шақыруымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Марокко Корольдігіне ресми сапармен барды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қараша, 2025
26 қараша күні таңғы 07:15-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Трансшекаралық хаб орнықты дамуға тиіс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері қаралды. Бұған қоса елдегі қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ ол мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және бірінші өңірлік «Талдау мектебінің» тыңдаушыларымен жүздесті. Іс-шаралар барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жолындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, палатаның мәслихаттармен және сарапшылармен өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Жергілікті басқарудағы бетбұрыс
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде өзін-өзі басқару органдарының құзыреті кеңейіп, әкімшілік-аумақтық бірліктерде халықтың сұранысына сай шешім қабылдау мүмкіндігі артып келеді. Еліміз бұл бағытта ілгері жылжуға ниетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 25 мамырда ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды. Бірер жыл бұрын аудан әкімдерін де осы әдіспен сайлау жүйесі енгізілді. Бірте-бірте бұл жаңашылдық облыстық маңызы бар қалалар мен шаһар басшыларын сайлауға ұласты. Реформа жүзеге асқалы 3 500 әкім сайланған болса, олардың 48-і – аудан әкімдері.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгелі бері өңірде ашық сайлауға түскен кандидаттардың саны артты. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынған сайлау жүйесі жұрттың көңілінен шыққаны анық. Ал халықтың қолдауымен әкім болғандар сенімді ақтап жүр ме?
Саясат • 26 Қараша, 2025
Ілкімді жобалар цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мемлекеттік қаржы саласына цифрлық теңгені енгізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде атап, Үкіметке импортқа тәуелділікті азайту жөнінде нақты тапсырма берді. Себебі ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету – экономикалық дамумен қатар, елдің тұрақтылығына тікелей әсер ететін стратегиялық маңызы бар міндет.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ісіне сырттан инвесторларды тартуды жалғастырып жатыр. Жақын уақытта мұнда май экстракциясы зауытының құрылысы аяқталып, жылына 90 мың тонна шикізатты өңдеу көзделіп отыр.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Қырғызстанның Ош қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы көше, ескерткіш және музейдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызды тетігі
Маусымда іске қосылған «Өрлеу» бағдарламасы өңірдегі кәсіпкерлерге көп көмек болды. Шағын және орта бизнес 12,6% мөлшерлемемен несие алып, ісін кеңейтуге, айналымын толықтыруға әрі қарызын қайта қаржыландыруға мүмкіндік тауып отыр. Ақтөбеде көптеген тауар өндірушілер «Даму» қоры арқылы осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмысын жандандырып келеді.
Руханият • 26 Қараша, 2025
«Silk way star»: Жұлдызы жанған Мишель
Әлемнің әр тарапынан таланттарды тоғыстырған халықаралық мәдени жоба «Silk Way Star» байқауы мәресіне жетті. Аз ғана уақытта көрерменнің ықыласына бөленген дүбірлі додада 12 елдің өнерпазы бақ сынасты. Нәтижесінде, Моңғолия әншісі Мишель Джозефтің жұлдызы жанып, жеңіске жетті. Оған байқаудың басты жүлдесін Димаш Құдайберген табыстады.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Салықты да бөліп төлеуге болады
Елімізде енді салық төлеушілерге қарызды бірден емес, бөліп төлеу немесе кейінге шегеру мүмкіндігі енгізілмек. Қаржы министрлігі салық, төлем, өсімпұл бойынша қарызды төлеуге қатысты жаңа ережелер бекітті.
Руханият • 26 Қараша, 2025
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермен қауымға жаңа маусымда ерекше мәнге ие, гуманистік қуаты зор қойылым ұсынды. Уильям Гибсонның әйгілі пьесасы негізінде қойылған «Сотворившая чудо, или Что такое любовь» музыкалық драмасы – адам ерік-жігерінің шексіздігін, ұстаз бен шәкірт арасындағы нәзік рухани байланысты терең зерттейтін биік өнер туындысы.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Кітаптың қырғызша аудармасы таныстырылды
Ош қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» («Атам жөнүндө баян») атты қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылады
Сәтбаев қаласында экономиканы әртараптандыруға, тиімділігі жоғары өндірістерді дамытуға, ішкі-сыртқы инвестицияларды тартуға бағытталған республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың құрылысы басталды.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Сөз бен саз құстың қос қанатындай бірін-бірі толықтырып, егіз қозыдай жамырасып-жарасып жатса, туындыгер мұратының орындалғаны емес пе? Өлеңнен өзіне тән өрнек іздеген Олжас Отар бойына сөз бен саз қуатын қатар қондырып, көптің ықыласына бөленіп жүрген жан. Оны жұрт эстрададағы ел жүрегіне жол тапқан танымал ән мәтіндерінің авторы ретінде, айтыс сахнасында орамды ой айтқан ақын ретінде біледі.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
ЖИ камералары тәртіпке жәрдемші
Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды енгізу кейінгі жылдары айтарлықтай жанданды. Өңірдің полиция департаменті заманауи талаптарға сай ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бүгінде құқық қорғау саласындағы жұмыстарды жеделдететін құралдар іске қосылып жатыр.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары елімізде кітап шығару мәдениеті ілгерілеп келеді. Жақында бұған көзіміз тағы бір жетті. Көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахмановтың 10 томдық шығармалар жинағының мазмұн байлығын, құрылымдық сипатын, жарияланған еңбектердің тақырыптық түзілісін, ғылыми ақпаратының дәлдігін былай қойғанда, таза баспа туындысы ретіндегі деңгейі де жоғары екен. Көздің жауын алады. Қолымызға тиген сол қазынамен танысып шыққаннан кейін қадірлі ағамен хабарласып, жаңа басылым жайында әңгіме құруға асықтық.
Қоғам • 26 Қараша, 2025
Биыл Астанада күз мезгілі әдеттегіден жылы болып тұр. Алғашқы қар кеш түсті, дедектетіп, дегбіріңді қашыратын аязды күндер де бастала қоймады. Бір қызығы, қарашада түскен қар 10 күн тоқтамай, бір айлық нормадан асатын жауын-шашынды үйіп-төгіп бере салды. Қолайсыз ауа райына қарамастан қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар күшейтілген режімге ауысып, түнгі уақытта да тыным таппай еңбек етті.
Руханият • 26 Қараша, 2025
Қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді
Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының өлеңдерін бала күнімнен құмартып оқыдым. Алайда айтулы тұлғаны алғаш жүзбе-жүз бұрынғы Президент мәдениет орталығынан көрдім. Онда мен «Мәдени мұра» журналында істеймін. Ол кісі де сонда қызмет атқарды. Кабинетіміз қатар орналасқан. Күнде сәлем беремін. Мінезі ашық, алды кең адам. Кейде бөлмесіне шақырып, әңгімеге тартады. Жаңа өлеңдерін оқиды. Кейін С.Сейфуллин музейіне директор болып барды. Сонда қарамағында істедім. Осы жылдары ағалы-інілідей өте жақын араластым.
Спорт • 26 Қараша, 2025
Қарасайлық көкпаршылар дара шықты
Қарасай ауданында Алматы облысы әкімінің кубогіне арналған ересектер арасындағы командалық көкпар лигасының «Батыс өңірлік кезеңі» өтті. Салтанатты іс-шара шымылдығы ұлттық би ансамблі мен жергілікті өнерпаздардың ұлттық рухты аспандатқан концерттік бағдарламасымен басталды.
Ғалам ғажаптары • 26 Қараша, 2025
«Lumia» компаниясы алты жылдық зерттеуден кейін ерекше денсаулық гаджетін ұсынды. Пішіні кәдімгі сәнді сырға. Ал гаджет қан айналымын өлшей алатын шағын зертхана ретінде жұмыс істейді.