Оқиға • 26 Қараша, 2025

Мұнай өнімдерін шетел асырған қылмыстық топ қолға түсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде заңсыз құжат жасап, жанармайды шетелге тасымалдаған кәсіпорынның қылмысы әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.

Мұнай өнімдерін шетел асырған қылмыстық топ қолға түсті

Фото: ru.freepik.com/ЖИ

Алдымен қылмыстық топтық нұсқауымен 60 тонна мұнай өнімін тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері екі өңірде ұсталған. 

Оқиғаны тергеу барысында тұрғын үй мен кәсіпорынға тінту жүргізіліп, 400 тонна мұнай өнімі, атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленген.

Сондай-ақ шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығарған тағы бір компанияның қызметі тексеріліп жатыр. 

Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған.

Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі 300 тонна жанармай  тасымалдаған төрт вагон анықталған. 


ІІМ қазір қылмыстық іске қатысты сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35