ру
Қоғам • 27 Қаңтар, 2025
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді
2025 жылдың басынан бері жедел іздестіру шаралары барысында 20 бірлік атыс қаруы мен травматикалық қару тәркіленді, оның ішінде 4 қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 26 Қаңтар, 2025
2025 жылы әскери дайындыққа неше азамат шақырылады?
2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың әскери міндетті шақырылады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың тиісті бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжат 7 ақпанға дейін талқылауға қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қаңтар, 2025
Беларусьте президент сайлауы басталды
Беларусьте президент сайлауында дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Қаңтар, 2025
Сүйек обырына шалдыққан жүзден астам балаға ота жасалды
Алматыдағы Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы остеосаркома, яғни балалар арасындағы кездесетін сүйектің сирек қатерлі ісігі кезіндегі ірі буындарды эндопротездеу операцияларын 2012 жылдан бері жасап келеді. Бұл дерт көбінесе 10 жастан асқан балаларда кездеседі.
Оқиға • 24 Қаңтар, 2025
Каспийге кеме батып кеткені рас па?
Әлеуметтік желіде Google Mars спутнигі ұсынған суреттер негізінде «Каспий теңізінің түбіне кеме батып кеткен болуы мүмкін» деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай теңіз түбіне зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2025
Семейде қала әкімінің орынбасары күдікке ілікті
Бас прокурор Берік Асылов Семей қаласында шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімге қатысты депутаттар сауалына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 23 Қаңтар, 2025
Мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумы өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурде өткен мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумына және Жаһандық үкіметтік саммитке қатысты. Іс-шара Сингапур, Канада, Ұлыбритания, Молдова, Эстония, Моңғолия елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі құрылым басшылары және жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өтті.
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2025
Құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді
Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Ұлытау облыстарындағы құтқару операциялары туралы ТЖМ-нен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2025
Түркістанда ірі қара мал сатып алуға бөлінген қаражат жымқырылған
ҚМА Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 20 Қаңтар, 2025
Ақтөбе облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып Теміржан Көптілеуұлы Бөлтеев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2025
Танысын өлтірген екі күдікті Ресейден экстрадицияланды
Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 17 Қаңтар, 2025
Қызылордада тұңғыш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында 40 жастағы науқасқа жасалған бауыр трансплантациясы отасы сәттi аяқталды. Донор – 1993 жылы дүниеге келген пациенттің туысы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Көлігін 5 минуттан артық қыздырған үш жүргізушіге айыппұл салынды
Өскеменде көлігін 5 минуттан артық жылытқан үш тұрғын айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Қаңтар, 2025
Қазақстанда білім беру туризмі дамып келеді
Бүгінгі таңда еліміз 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қаңтар, 2025
13 адамның 10 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ Беларусьтен экстрадицияланды
Бас прокуратураның қызметкерлері ірі мөлшердегі алаяқтық қылмыс жасаған күдіктіні Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Бұқар жырау ауданында тауарлы несие жобасы жүзеге аса бастады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «тауарлық несие» құралын енгізуді қарастыруды тапсырған болатын. Бұл механизм аграрлық салаға қолдау көрсетуге бағытталған. Игі бастаманың мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Макинскіде құтқару қызметі жүйесі жаңартылды
Қазақстанның құтқару қызметтерінің жүйесін жаңарту мақсатында Макинск қаласында өрт сөндірушілер мен медициналық персоналдың міндеттерін біріктіретін жаңа мамандандырылған бөлімше ашылды.
Әлем • 16 Қаңтар, 2025
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді
Израиль мен ХАМАС 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға уағдаласты. Бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдул Рахман әл Тани мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2025
Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Ұлытау облысында мал іздеп шыққан ер адам жоғалып кеткен
Ұлытау облысының құтқарушылары 15 қаңтар күні хабар-ошарсыз кеткен ер адамды тапты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Қаңтар, 2025
Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған
2024 жылы Қазақстанда барлығы 250 ағза мүшесі трансплантацияланған. Оның ішінде 227 ағза мүшесі тірі донорлардан, ал 23-і марқұмдардан алынған, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 15 Қаңтар, 2025
Жабайы жануарларға жағдай жасалды
Табиғи парктердегі аңдар қыс айларында қосымша азықтандырылады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 15 Қаңтар, 2025
Пара ұсынғандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Енді пара беретінін айтып, уәде берген, пара ұсынған азаматтар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2025
ТЖМ қатарында 61 құтқарушы ит қызмет етеді
Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ қатарында 61 аттестатталған ит қызмет етеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар аумақтық бөлімшелердің жедел-құтқару жасақтарында, Республикалық жедел-құтқару жасағында және әскери бөлімдерінде маңызды рөл атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2025
Суық қаруды заңсыз сақтаған көкшетаулық тұрғын сотталды
Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азамат сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Колледж есепшісі шәкіртақыға бөлінген қаражатты өзіне аударып отырған
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметін тексеру кезінде есепшінің қаржы жымқырып келгенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қаңтар, 2025
Президент «Келешек» жинақтаушы жүйесі туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2025
«Астана арена» стадионы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
«Астана Арена» стадионы UEFA талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып күрделі жөндеуден өтті. Астана қалалық мәслихат депутаты Ерлан Каналимов арена халықаралық матчтарды өткізуге дайын екенін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 09 Қаңтар, 2025
Көлігін ұзақ қыздырған жүргізушілер айыппұл арқалайды
Елімізде көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Сенатор Марат Қожаев мұндай айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
11-12 қаңтар күндері Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.