таза
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысына 650 техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысы дәстүрлі түрде жалғасуда. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын, сол сияқты түнгі ауысымда да жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды. Қалада қар күреу жұмысы кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 18 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда екі мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты
Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтын сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2020
Жассарбаздықтар "Астана тазалық" қызметкерлеріне қолұшын тигізді
Елордалық "Жас сарбаз" қозғалысы "30 игі істі" жалғастырып, қала көшелерін қардан тазалауға көмектесіп отыр. Акция аясында 60-қа жуық қызметкерге ыстық шай мен бауырсақтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 14 Қараша, 2020
Көшелерді қардан тазарту қалай жүргізіледі?
Елордада қар шығару үшін 11 полигон ашық. Полигондарда мамандар камаздардың келу уақытын, қар салмағын және т.б. белгілейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Павлодар облысындағы елді мекендер таза ауыз сумен қамтылды
Павлодар облысындағы 11 мың адам тұратын 16 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Алматыда үй тазалаушы шетелдік жаттықтырушыны тонап кетті
Семсерлесу бойынша Қазақстан құрамасының (олимпиадалық) 60 жастағы жаттықтырушысы ақшасы ұрланғанын айтып Алмалы аудандық полиция басқармасына жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Қыркүйек, 2020
Мәулен Әшімбаев: Бүгін - қазақ әдебиеті күні десек артық емес
ҚР Сенат спикері Мәулен Әшімбаев қазақ әдебиетінің үш бірдей алыбы - Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның және Оралхан Бөкейдің туған күніне орай фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020
Ақтоғайдың ауылдарына қашан таза су келеді?
Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн форматта өткізген баспасөз мәслихатында аудан әкімі Қаршыға Арынов ауданда орталықтандырылған су жүйесіне тұрғындардың 87,5 пайызы қосылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Тамыз, 2020
Елорда полицейлері табиғат аясында көпшілік жиналатын орындарға экопатруль жүргізеді
Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу және экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту бойынша шаралар қабылдау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Таза Қазақстан" айлығы өтуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Алматыда электр желілермен екі браконьер ұсталды
Полицейлер браконьерлерден 10 келіден астам ақмарқа мен тыйым салынған құралдарды тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Экология • 19 Маусым, 2020
Нұртөре Жүсіп "Туған жерді таза ұстау" жалпыұлттық акциясын ұйымдастыруды ұсынды
Парламент Сенатының кезекті отырысында депутат Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысы Асқар Маминге экология мәселелері бойынша депутаттық сауалын жолдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.