Таным • 23 Мамыр, 2025

Ми қай кезде өз-өзін тазартады

1208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күн сайын миымыз миллиондаған ақпаратты өңдеп, ойлап, есте сақтап, шешім қабылдап, жүйкеге салмақ түсіретін жұмыс атқарады. Ал түнде ұйықтағанда біз тек демалып жатырмыз деп ойлаймыз. Бірақ шын мәнінде, дәл осы кезде ми өте маңызды бір істі атқарады — өзін-өзі тазартады, деп жазады Egemen.kz.

Ми қай кезде өз-өзін тазартады

Фото: ашық дереккөз

Ғалымдар жақында ғана адамның миында глимфатикалық жүйе деп аталатын ерекше жүйе бар екенін анықтады. Бұл жүйе ми ішіндегі артық, зиянды қалдықтар мен қоқыстарды жуып-шайып, оны келесі күнге қайта дайындайды. Яғни, ми ұйқы кезінде жалпы тазалық жүргізіп, күні бойы жиналған қажетсіз қалдықтарды кетіреді.

Бұл қалдықтар — күндізгі күйзелістен, ақпараттық шаршаудан, тіпті ойланудан пайда болатын заттар. Ми жұмысы кезінде әртүрлі ақуыздар мен молекулалар бөлінеді, ал егер олар жинала берсе, мидың жұмысына кедергі келтіре бастайды. Кей зерттеулер бұл қалдықтардың ұзақ уақыт бойы жиналуы Альцгеймер секілді ауыр ауруларға апаратынын көрсетіп отыр.

Ең қызығы — бұл тазалау процесі тек ұйқы кезінде ғана белсенді жүреді. Адам ояу жүргенде ми тазалау жүйесін іске қоса алмайды, өйткені ол көру, есту, сөйлеу, ойлау сияқты маңызды әрекеттермен айналысып жатады.

Түнде адам ұйықтағанда ми жасушалары сәл жиырылып, араларында кеңістік пайда болады. Сол арқылы арнайы ми сұйықтығы еркін қозғалып, қалдықтарды жинап алып шығады. Бұл табиғи жуу процесі таң атқанша жалғасады. Адам ұйықтап қалғаннан кейін жүйке жасушаларының белсенділігі бәсеңдейді. 

Сондықтан да ұйқының сапасы мен ұзақтығы өте маңызды. Егер адам жеткілікті ұйықтамаса, ми толық тазара алмайды. Бұл ең алдымен зейіннің нашарлауына, ұмытшақтыққа, ашуланшақтыққа себеп болады. Ал ұйқының созылмалы бұзылуы түрлі жүйке-жүйе ауруларына алып келуі мүмкін.

Қарапайым тілмен айтқанда, сіз ұйықтап жатқанда ми таңға дейін тазалық жұмыстарын жүргізіп, өз-өзін жуып, артық заттарды шығарып тастайды. Ал таңертең сергек ояну үшін ол міндетті түрде толық жұмыс істеуі керек. Сондықтан ұйқыны кейінге қалдырмай, миыңызды уақытылы тазалауға мүмкіндік бергеніңіз жөн.

 Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ 2 курс студенті

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025