шар
Тағайындау • 28 Мамыр, 2024
Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының өкімімен Шархан Тұрсынбаев аппарат басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2024
Сарыөзек бойындағы шаруа қожалықтары қауіпсіз жерге көшіріледі
Сарыөзек арнасының Бестал ауылына тасқын қаупі төнді. Қазір мал шаруашылығы және егістікпен айналысатын тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы хабарлама жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы 107 учаскеге жауапты маман Қадыржан Сиюмов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Президент • 25 Мамыр, 2024
Президент Төрегелді Шармановтың отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
95 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов дүниеден озды. Қайғылы қазаны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Рысбекова, Бекболат Орынбековтер ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысып, басқа елдерден келген парламентшілермен бірге түрлі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Мамыр, 2024
Тасқын кезінде малынан айырылған Құлсары тұрғындарына өтемақы төленеді
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасына су тасқынынан малдары зардап шеккен тұрғындардан 101 өтініш түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб ақпаратына сілтеме жасап.
Шаруашылық • 17 Мамыр, 2024
«Бәйтерек» холдингі фермерлерге 100 млрд теңге бөлді
«Бәйтерек» холдингі шаруаларды қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Сенатор утиль алымын алып тастау мәселесін көтерді
Ел диқандары пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында депутаттық сауалын жолдаған сенатор Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Мамыр, 2024
«Алапат өрт»: 5 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Канада елінің батыс бөлігінде 10 мың гектар аумақты шарпыған орман өрті әлі де қауіп төндіріп отыр. Ахуалды күшті жел мен қуаңшылық ушықтыра түсті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Мамыр, 2024
Импорттық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауда теңдік сақталу қажет - Е.Саурықов
Ерболат Саурықов бастаған «Ауыл» партиясының бір топ депутаты ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мәселесінде келеңсіздіктер жиі туындайтынын айтып, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Мамыр, 2024
Елдегі балық зауыттарына қатысты негізсіз қылмыстық істер қозғалған - депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстандағы балық шаруашылығы төңірегіндегі мәселелерді қозғап, өткен жылы балық өнімдерін өңдейтін 9 зауытқа негізсіз қылмыстық істер қозғалғанын айтты. Осы орайда AMANAT Фракциясы мүшелері ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховқа депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 14 Мамыр, 2024
Орман шаруашылығы кәсіпорындарын жабдықтауға 68 млрд теңге бөлінеді
Үкімет жалпы қаржыландыру сомасы 68 миллиард теңгеден асатын орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайтудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Қанша бас мал қырылды, шығын қалай өтеледі?
Елдің су басқан өңірлерінде тасқын кезінде 9 761 бас мал қырылған. Қазір шығынды өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 02 Мамыр, 2024
Сенатор төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұсынды
Жергілікті әкімдіктер тасқын суға дұрыс дайындала алмады. Су тасқыны, жаңбыр мен еріген қар суынан инженерлік қорғау шараларын өткізуде салғырттыққа жол берілді. Сондықтан тасқын суды болдырмауға немесе қаупін азайтуға мүмкіндік болмады. Бұл туралы мәселе қозғаған сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
Қазақстанға жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салынды
24 сәуірден бастап елімізге тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды. Шектеу 6 айға енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2024
«Қазсушар» филиалдары тасқын суын қалай өткізіп жатыр?
Қазақстан бойынша «Қазсушар» филиалдары тасқын суын апатсыз өткізуді қамтамасыз етіп, алдағы суару маусымына дайындалып жатыр. Бұл туралы Су ресурстры және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 29 Сәуір, 2024
«Номғон-2» кешенінен табылған бітіктастың тағы бір бөлігі таныстырылды
Жуырда Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында Түркі Академиясы және Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп ұйымдастыруымен «Номғон-2» ғұрыптық кешенінен табылған бітіктастың төменгі бөлігінің таныстырылымы өтті. Бұл туралы Түркі Академиясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Қамшы мен домбыра: беташарда келіннің бетін немен ашқан дұрыс?
Қазақ үшін қыздың ұядан ұзатылып, ұлдың жеке отау құрғаны айрықша қуаныш. Перзент дүниеге келіп, ес біле бастағаннан-ақ ұлтымыз бауыр етін сол үлкен өмірге баулиды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?
«Отбасы» банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов 1 мамырда іске қосылатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Сәуір, 2024
«Отау» бағдарламасының шарттары өзгерді
Қазақстандағы жаңа ипотекалық бағдарлама «Отаудың» шарттары өзгерді. Енді ел азаматтары аттарында жер телімі, үйдің ортақ үлесі тіркелген болса да үй алуға өтініш бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Дін басқармасы Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға шара қолданды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың 2022 жылдың 17 қазанында мешітте қиған некесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 17 Сәуір, 2024
Сенатта орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемақы төлеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны іште жатқан біраз кемшіліктерімізді ашып жатыр - Еділ Жаңбыршин
Баспасөз беттерінде жарияланған деректерге қарағанда, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал Атыраудан Алматыға дейінгі билет бағасы 675 мың теңгеге дейін көтерілген. Алматы, Астана қалаларынан осы өңірлерге қатынайтын әуе рейстерінің де бағасы шарықтап кеткен. Жол қатынасы бағасының күрт қымбаттауы және әуе, темір жол көліктерінің аздығы тасқын су басқан облыстардан басқа өңірлерге кетуге қиындық туғызып отыр. Осындай өзекті мәселелерді қозғаған Еділ Жаңбыршин Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Сәуір, 2024
Орталық Азия елдеріндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ластану проблемалары талқыланды
Бүгін Алматыда InterContinental Almaty қонақ үйінде Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланған
2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды. Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аталған қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Қызылордада жыл сайын 2 млрд текше метр су жоғалады - сенатор
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Сырдария су объектілерін республикалық меншікке беру қажеттігін алға тартқан еді. Бұл мәселені қайта қозғаған сенатор Руслан Рүстемов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Ипотека 9-20-19: «Наурыз» бағдарламасының шарттары қандай?
«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен сату жөніндегі менеджер Мақсат Заитов жаңа ипотекаға кез келген мерзімнің депозиттерімен қатысуға болатынын, алайда, 1 млн теңге жинақ сомасы туралы талап сақталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Сәуір, 2024
Мал қорымдарын су басудан қауіп бар ма? Министр жауабы
Еліміздің Ауыл шаруашығы министрлігі мал қорымдарын су басқан жағдайда да аса қауіпті инфекциялардың пайда болу ықтималдығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Сәуір, 2024
Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мемлекет басшысына өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Қарғын су шаймаған елді мекендерде алдын алу шаралары күшейтілді
Су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендерде алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.